freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана-Франкфурт бағытындағы ұшақ Ақтөбеге қонуға мәжбүр болды

Оқиға
Астана-Франкфурт бағытындағы ұшақ Ақтөбеге қонуға мәжбүр болды
Ашық дереккөзден

Air Astana әуе компаниясы Ақтөбеге ұшақтың мәжбүрлі қонуына қатысты түсініктіме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

8 мамырда Астана-Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындайтын ұшақ Астанадан сағат 08: 54-те ұшып шығып, техникалық себеппен 11.34-те Ақтөбеге қонған.

Қазақпараттың жазуынша, әуе кемесінің экипажы стандартты қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес қону туралы шешім қабылдаған көрінеді. 

Қону штаттық режимде өтті. Жолаушыларды одан әрі тасымалдау үшін әуе компания Алматыдан резервтік ұшақ жіберді және рейстің жолаушылармен Ақтөбе қаласынан ұшуы бүгін 14.20-ға жоспарланған, - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Алматы қаласында Сеулден Цюрихке бағыт алған швейцариялық әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде қонуға мәжбүр болғанын жазған едік. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу