Астана қаласының Сарайшық ауданындағы Жүргенов көшесінде орналасқан екі қабатты ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.
Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері өрттің оргтехника, жиһаз және аспалы төбе орналасқан бөлмеде шыққанын анықтаған.
Өрт 30 шаршы метр аумақта оқшауланып, толықтай сөндірілді. Жедел қабылданған шаралар өрттің әрі қарай таралуына жол бермеді.
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Көкшетау маңында өртеніп жатқан үйден алты газ баллоны сыртқа шығарылған болатын.