Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада ел спортшыларын IX қысқы Азия ойындарына салтанатты түрде шығарып салды

Спорт
Астанада ел спортшыларын IX қысқы Азия ойындарына салтанатты түрде шығарып салды

Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде IX қысқы Азия ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасының спортшыларын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Сары құрлық бәсекесі 7-14 ақпан күндері Қытай Халық Республикасының Харбин және Ябули қалаларында өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Шара барысында IX қысқы Азия ойындарының ашылу рәсімінде Ту ұстайтын спортшыларға Мемлекеттік Ту салтанатты түрде тапсырылды. Харбиндегі Ойындардың ашылу салтанатында еліміздің байрағын хоккейден ҚР спорт шебері Әділ Бекетаев пен шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ольга Тихонова алып шығады. Өз кезегінде Әділ Бекетаев Ту ұстаушы ретінде көпшіліктің алдына шығып, салтанатты түрде ант берді.

Қазақстан құрамасынан ойындарға 137 спортшы қатысады. Олар 6 спорт түрінен 10 дисциплинада (конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, биатлон, керлинг, шаңғы жарыстары, тау шаңғысы, фристайл, ски-альпинизм, шайбалы хоккей) өнер көрсетеді. Ұлттық команда 51 медаль жиынтығына таласады.

Фото: Туризм жəне спорт министрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу