Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада мас жүргізуші екі бірдей жол апатына себепші болды

Оқиға
Астанада мас жүргізуші екі бірдей жол апатына себепші болды

Астанада түнгі уақытта бірнеше көліктің қатысуымен екі бірдей жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Ақан сері мен Василий Радлов көшелерінің қиылысында болған. BMW маркалы көлік Chevrolet көлігімен соқтығысқан. 

Соқтығысудан кейін BMW қарсы бағытқа шығып кетіп, Nissan көлігіне соғылған.

“Тексеру барысында BMW жүргізушісінің бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны және оқиға кезінде мас күйде болғаны анықталды”, – деді полиция департаменті өкілдері.

Жол апаты салдарынан BMW мен Nissan көліктерінің жолаушылары жарақат алды, олардың бірі ауруханаға жатқызылған.

BMW көлігі коммуналдық тұраққа қойылды.

“Астана полициясы жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, барынша сақ болуды ескертеді”, – деп мәлімдеді департамент.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу