freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада жасөспірім операция кезінде көз жұмды

Оқиға •
Астанада жасөспірім операция кезінде көз жұмды

Астана қаласында операция кезінде 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Бұл мәліметті денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев растады, деп хабарлады Malim.kz.

Оның айтуынша, қазір осы оқиғаға байланысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Өкінішке қарай, осындай жағдай болды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен жасөспірімнің ата-анасына көңіл айтқым келеді. Бүгінде қызметтік тергеу, оның ішінде сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Оның негізінде біз ресми хабарлама береміз.

Бұл қатерлі гипертермиялық реакция өте сирек кездеседі. Бірақ, өкінішке қарай, жағдай солай болды, - деді ол.

Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Олар медициналық сараптама нәтижелерінен кейін қосымша ақпарат беруге уәде берді.

Фото: ktk.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу