Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда жағалаудағы үйлердің тұрғындары дамбы құрылысына кедергі келтіріп жатыр

Қоғам
Атырауда жағалаудағы үйлердің тұрғындары дамбы құрылысына кедергі келтіріп жатыр

Атырауда Жайық жағалауына тым жақын орналасқан жеке тұрғын үй секторының тұрғындары құрылыс жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб өкілдері қала аумағында Жайық өзені жағалауын бекіту жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Кейбір бөліктегі жоспарланған жұмыстар аяқталып, қауіпті деген аймақтарға арнайы техникалар көбейтіліп жатыр. Кей тұрғындар өз аулаларын бұздырып, бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуіне қарсы, - дейді ТЖ жөніндегі жедел штаб өкілдері.

Бүгін қала әкімі Шәкір Кейкин Сельстрой шағын ауданындағы Халелов көшесінің тұрғындарымен кездескен. Жайық жағалауына тым жақын орналасқан 29 тұрғын үйдің иелері өз аулаларын бұздыртып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қарсылық танытқан.

Қала әкімі шешімімен бөгет тұрғын үйлер алдындағы тас жолдың үстінде тұрғызылатын болды. Бұл шешіммен аталған көше тұрғындары толық келісті. Тұрғындар тұрғын үй секторында тасқын судан қорғану мақсатында өз күштерімен қорғаныс бөгеттерін тұрғызуда. Оларға әкімдік тарапынан қажетті құрылыс материалдыры мен әскер бөлінетін болады. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мақсатында құрылыс жұмыстарына кедергі келтірмей, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз, - делінген жедел штаб хабарламасында. 

Фото: Өркен ЖОЯМЕРГЕН

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу