Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды, деп хабарлайды Malim.kz.
Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 11 наурызда желдің күшеюі мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 0–11 (12) сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі.
Сондай-ақ 9-сынып базасында білім алып жатқан колледждердің 1–2 курс студенттері де ертең онлайн форматта оқиды.