freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ауыр қылмыс. Жалған ақпарат пен діни арандатуға қатысты жаза қатаң

Құқық
Ауыр қылмыс. Жалған ақпарат пен діни арандатуға қатысты жаза қатаң
Бас прокуратура

Бас прокуратура азаматтарды, оның ішінде онлайн-платформаларда пікір білдіру кезінде заңнаманы қатаң сақтауға шақырды., деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомство мәліметінше, соңғы уақытта жекелеген тұлғалардың ұлттық дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға және көпғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамын атап өтуге қатысты теріс пікірлерді жария түрде тарату деректері тіркелген.

Аталған пікірлер дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жалған діни догмалармен үйлеспейді деген бұрмаланған тұжырымдармен негізделген.

– Мұндай мәлімдемелер Қазақстанның зайырлы мемлекет ретіндегі конституциялық қағидаларына қайшы келеді. Сонымен қатар олар қоғамдық келісімге, ұлтаралық және дінаралық татулыққа зиян келтіруі мүмкін, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Сондай-ақ ведомство журналистердің, блогерлердің және ақпараттық алаң иелерінің жауапкершілігіне ерекше назар аударды.

– Жалған діни көзқарастарды насихаттайтын тұлғаларға көпшілік алдында сөз беру арандатушылық сипаттағы мәлімдемелердің таралуына ықпал етеді. Бұл қоғам санасына теріс әсер етіп, гендерлік теңсіздікті насихаттап, әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға әкелуі мүмкін, – делінген хабарламада.
Бас прокуратура масс-медиа өкілдерін кәсіби этиканы, объективтілікті сақтауға және қоғамдық келісімге қауіп төндіретін идеяларды таратпауға шақырды.

Ведомство ескерткеніндей, көрінеу жалған ақпарат тарату ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Ал ұлттық, діни немесе әлеуметтік алауыздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша ауыр қылмыс ретінде қарастырылады.

Сондай-ақ мұндай әрекеттер діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу ретінде бағаланып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабына сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға, ұлттық және мәдени құндылықтарға құрметпен қарауға және қоғамда алауыздық тудыратын мәлімдемелерге жол бермеуге шақырды.

Құқық қорғау органдары мұндай фактілер анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қабылдайтынын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу