Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Азияда жойқын жер сілкіністері болуы мүмкін - сейсмологтар

Оқиға
Азияда жойқын жер сілкіністері болуы мүмкін - сейсмологтар

Қытай сейсмологтары Қытай мен Азияның бірқатар елінде жойқын жер сілкіністері болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, зерттеуді Бейжіңдегі Жер сілкіністері агенттігінің (Beijing Earthquake Agency) аға инженері Чжу Хунбин бастаған ғалымдар тобы жүргізген.

Мамандар кейінгі 150 жылдағы, яғни 1879 жылдан бергі сейсмикалық деректерді талдау арқылы Қытай мен оған іргелес аймақтарда алдағы жылдары жойқын жер сілкіністерінің қаупі жоғары екенін анықтаған. Бұл болжам жуырда Мьянмада болған зілзаладан кейін жасалған.

Анализ барысында алты негізгі сейсмикалық белсенді кезең анықталған.

"Қазір аймақ жаңа сейсмикалық белсенді кезеңнің басталу сатысына еніп жатқан болуы мүмкін", – дейді зерттеу авторлары.

Олардың айтуынша, жер қабатындағы кернеу солтүстік-шығыс бағытқа қарай ауысуы ықтимал, сондықтан Сычуань, Юньнань провинцияларында және Гималай аймағында күшті жер сілкінісі қаупі артып отыр.

Фото: Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу