freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БАӘ әуе кеңістігіндегі шектеулер 27 сәуірге дейін сақталады

Әлем
БАӘ әуе кеңістігіндегі шектеулер 27 сәуірге дейін сақталады
Фото: pexels

Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе кеңістігі кемінде 27 сәуір күні дүниежүзілік уақыт бойынша сағат 12:00-ге дейін, яғни Астана уақытымен 17:00-ге дейін ішінара жабық болады. Бұл туралы ТАСС Таяу Шығыстағы диспетчерлік қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта жергілікті әуежайларға қатынау үшін алты әуе дәлізі жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, ел аумағы арқылы Қатар әуежайларына бағытталған тағы екі бағыт белгіленген.

Бұған дейін Қатардың шетелдік әуе тасымалдаушылары үшін өз әуе кеңістігін қайта ашатыны хабарланған еді.

Осы жағдайға байланысты Таяу Шығыс бағытындағы рейстерді тоқтату мерзімі де ұзартылып отыр.

Air Astana Дубайға тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартқанын мәлімдеді.

Орындалмайтын рейстердің жолаушыларына әуе компаниясы билет құнын толық көлемде қайтарады. Сонымен қатар, 31 шілдеге дейін рейстерге тегін қайта брондау мүмкіндігі ұсынылады.

Компания мәліметінше, тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлей отырып, жолаушылар 31 шілдеге дейін Air Astana рейстеріне бағытты тегін өзгерте алады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу