Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Байден Трампты Ақ үйде қабылдады

Әлем
Байден Трампты Ақ үйде қабылдады

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден жаңадан сайланған мемлекет басшысы Дональд Трампты Ақ үйде қабылдады, деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.

Байден мен Трамп биліктің біртіндеп ауысуын талқылады. Бұл — билікті бейбіт жолмен берудің дәстүрлі бөлігі саналады. Дегенмен Трамп төрт жыл бұрын аталған рәсімге қатысудан бас тартқан болатын.

Кездесу барысында Байден Трампты қол алысып қарсы алды. Олардың әрқайсысы демократиялықтан республикалық әкімшілікке біртіндеп көшуге уағдаласты.

Сөз арасында Байден жаңадан сайланған президентті құттықтады. Бұл ретте Трамп Байденге алғысын білдірді.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп Илон Маскты үкіметтік тиімділік департаментінің басшысы қызметіне тағайындағаны хабарланды.

Фото: Alex Wong/Getty Images

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу