freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Байқоңырдағы бейтаныс бейнелер: NASA басшысының Қазақстанға не үшін келетіні мәлім болды

Әлем
Байқоңырдағы бейтаныс бейнелер: NASA басшысының Қазақстанға не үшін келетіні мәлім болды
Polaris Dawn

АҚШ-тың ғарыш агенттігі NASA басшысы Джаред Айзекман Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Оның сапары шілде айына жоспарланған "Союз" ғарыш кемесінің ұшуымен байланысты, деп хабарлайды Malim.kz.

NASA өкілдерінің мәліметінше, Айзекман Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын Союз МС-29 кемесінің стартын өз көзімен тамашаламақ. Бұл миссия аясында Халықаралық ғарыш станциясына америкалық астронавт Анил Менон алғаш рет сапар шегеді. Онымен бірге ресейлік ғарышкерлер Петр Дубров пен Анна Кикина да ұшады.

Сонымен қатар, NASA мәліметінше, агенттік басшысы шетелдік әріптестермен, атап айтқанда Халықаралық ғарыш станциясы бағдарламасы аясында ынтымақтастық орнатқан ғарыш агенттіктерінің жетекшілерімен кездесулер өткізуді жалғастырып келеді.

Джаред Айзекман – америкалық кәсіпкер әрі миллиардер. Ол 1983 жылы Нью-Джерси штатында дүниеге келген. Жас кезінен кәсіпкерлікпен айналысып, 14 жасында компьютер жөндеу шеберханасын ашқан. Кейін төлем жүйелері саласында ірі компания құрып, қаржы секторында табысқа жеткен.

Айзекман авиация саласында да танымал: ол бірнеше реактивті ұшақты басқарып, рекордтар орнатқан. 2009 жылы реактивті ұшақпен жер шарын 61 сағат 51 минутта айналып өткен.

Кәсіпкер ғарыш саласымен де тығыз байланысты. 2021 жылы ол Inspiration4 атты алғашқы толық азаматтық ғарыш миссиясын қаржыландырып, өзі басқарды. Ал 2024 жылы Polaris Dawn миссиясы аясында ғарышқа ұшып, кәсіби емес астронавт ретінде алғаш рет ашық ғарышқа шықты.

2025 жылдың соңында Джаред Айзекман NASA басшысы қызметіне тағайындалды. Forbes журналының бағалауынша, оның байлығы 1 миллиард доллардан асады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу