freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бәле болды": Ләйлә Сұлтанқызы ел естімеген сұмдық шындықты жайып салды (ФОТО)

Қоғам
"Бәле болды": Ләйлә Сұлтанқызы ел естімеген сұмдық шындықты жайып салды (ФОТО)
Ашық дереккөзден. Суретте: Ләйлә Сұлтанқызы

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі жеке фото мен видеолардың таралуына қатысты пікір білдіріп, жастарға сақ болуға кеңес берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналистің айтуынша, қазіргі заманда адамның жеке деректерінің телефонда сақталуы және оның бір сәтте көпшілікке тарап кетуі үлкен қауіпке айналған. Ол мұндай жағдайдың адамның абыройына, психологиялық күйіне және болашағына ауыр әсер етуі мүмкін екенін ескертті.

"Қазір ең қауіпті нәрсе қару емес, адам туралы "компроматтың" телефонда сақталуы мен оның таратылуы. Ешқандай жеке шекара, рұқсат, этика қалмай барады. Бір кезде "жаным" деген адам, ертең ашумен, хайп үшін, абайсызда немесе әдейі сенің ең әлсіз жеріңе соққы беруі мүмкін. Сол үшін жігітке де, қызға да айтарым: махаббатқа сенуге болады, бірақ өз қауіпсіздіктеріңді ешқашан ұмытпаңдар", – деп жазды ол.

Оның сөзінше, интим фото, видео, пароль немесе жеке хаттар ешқашан махаббаттың дәлелі бола алмайды. Керісінше, мұндай дүниелер кейін адамның өзіне қарсы қолданылатын құралға айналуы мүмкін.

"Интим фото, интим видео, пароль, жеке хат. Бұның бәрі біреуге дәлелдейтін махаббат емес. Бұл ертең өзіңе қарсы қолданылуы мүмкін құрал. "Маған сенбейсің бе?", "Мен ешкімге көрсетпеймін", "Біз отбасы боламыз ғой…" Осындай сөздерге сеніп, манипуляция мен шантаждың құрбаны болып қалмаңдар. Махаббат дәлелдеуді сұрамайды. Өзіңді қорға. Өзіңді сыйла. Себебі интернетке кеткен дүние ешқашан толық өшпейді. Сосын заң бар екенін де ұмытпайық. Біреудің интим фото/видеосын рұқсатсыз тарату – қылмыс. Ондай әрекет үшін заң алдында жауапкершілік қарастырылған", – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялап, өзіне бағытталған сын-пікірлерге жауап берген еді. Сондай-ақ ол "Қазақстан" арнасындағы "1001 түн" бағдарламасында қонақ болып, жеке өмірі мен отбасы тақырыбына қатысты пікір білдірген болатын.

Ләйлә Сұлтанқызы: журналистикадан медиа менеджментке дейінгі жол

Ләйлә Сұлтанқызы – Қазақстандағы танымал журналист, тележүргізуші әрі медиа саласында өзіндік орны бар менеджер. Ол 1977 жылы 8 желтоқсанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Кәсіби білімін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде алып, еңбек жолын журналистикамен байланыстырды.

Медиа саласындағы алғашқы қадамын 1997 жылы "Шаһар" телерадиокомпаниясында тележүргізуші ретінде бастады. Кейін продюсерлік бағытта жұмыс істеп, тәжірибесін кеңейтті. 2003-2006 жылдары "Хит ТВ" арнасын басқарды. Бұл кезең оның медиа менеджмент саласындағы кәсіби қалыптасуына әсер етті.

2008 жылдан бастап Қазақстан телерадиокорпорациясы жүйесінде түрлі қызмет атқарып, бірнеше телевизиялық жобаның продюсері болды. Сонымен қатар "Kazmedia Mobile" компаниясының бас директоры қызметін атқарған. 2012 жылы "Балапан" телеарнасына жетекшілік етіп, балаларға арналған отандық контенттің дамуына үлес қосты.

Ләйлә Сұлтанқызы көрерменге әсіресе "Әйел бақыты" ток-шоуының авторы әрі жүргізушісі ретінде жақсы таныс. Бұл жоба арқылы ол қоғамдағы әйелдер мәселесін, отбасы құндылықтарын және әлеуметтік тақырыптарды кең аудиторияға жеткізе білді.

Журналистика мен телевизия саласындағы еңбегі мемлекет тарапынан да бағаланды. 2015 жылы "Қазақстан Мәдениет саласының үздігі" атанса, 2016 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағына ие болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу