Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бас мүфти кәсіпкерлерді азық-түлік бағасын төмендетуге шақырды

Сұқбат
Бас мүфти кәсіпкерлерді азық-түлік бағасын төмендетуге шақырды

Еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айында кәсіпкер азаматтарды көбірек сауапты амал жасауға, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын төмендетуге шақырды.

«Кәсіпкер азаматтарды қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырамын», - деді ҚМДБ бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сонымен қатар Ораза кезінде жамағатпен намаз оқуда маска тағып, арақашықтықты сақтау міндетті емес. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар мәлім етті. Ол сонымен қоса Ораза кезінде вакцина алу оразаны бұзбайтынын айтты.  

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. 2 мамыр – Ораза айт күні. Осы жылы ораза 30 күнге созылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу