freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Батыс елдері Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктерінің 3 деңгейін қарастырып отыр

Әлем
Батыс елдері Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктерінің 3 деңгейін қарастырып отыр
GENYA SAVILOV / AFP

НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте Киевтегі баспасөз конференциясында Батыс Ресей тарапынан жаңа агрессия болған жағдайда Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерінің үш деңгейін қарастырып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бірінші деңгей — серіктес елдердің қаржыландыруымен қолдау көрсетілетін «күшейтілген украин армиясы» болмақ.

«Егер ресейліктер Украинаға қайтадан шабуыл жасауға шешім қабылдаса, ол, сөзсіз, қорғаныстың алғашқы шебі болады. Біз бәріміз украин әскерінің өзін-өзі қорғауға дайын болуын қамтамасыз етуге міндеттіміз», — деді Бас хатшы.

Екінші деңгей — «француздар мен британдықтар біріктірген шешімділер коалициясы», — деп атап өтті Рютте.

Алайда ол коалицияның шабуыл болған жағдайда қалай әрекет ететінін нақтыламады.

«Ал үшінші деңгей — жазда қосылуға ниетті екенін айтқан Америка Құрама Штаттары», — деді Солтүстік Атлантика альянсының басшысы.

Бұған дейін НАТО бас хатшысы Ресейдің бейбітшілікке дайын еместігін айтқан еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу