Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бекшин "Алматы штамы" туралы түсінік берді

Сұқбат
Бекшин "Алматы штамы" туралы түсінік берді

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада "Алматы штамы" бар ма деген сұраққа жауап берді.

"Бізде "Алматы штамы" туралы ресми мәлімет жоқ. Бірақ ауру белгілері мен эпидемиологияға қарап, бұл былтырғы штамм емес екеніне көз жеткіздік. Жаңа штамм келген. Біз бұл "британ" және "оңтүстікафрика" штамы екенін анықтадық", - деді Ж.Бекшин бүгін өткен онлайн брифингіде.

Алайда қаланың бас санитар дәрігері қанша адамның қай штамды жұқтырғанын айту қиын екенін жеткізді.

Бүгін ҚазТАГ ақпарат агенттігіне сұхбат берген халықаралық вакционология орталығының жетекшісі Қайсар Табынов "Алматы штамы" атты вирус мутациясы шыққанын мәлімдеген.

"Ғалымдар "британдық" штамм бүгінде жақсы зерттелген мутацияға 100 пайыз сәйкес екенін анықтады. Бірақ "оңтүстікафрикалық" штамм мутацияға ұшырады. Ең қызығы, Қазақстанда жүрген ухань штамы мутацияға ұшыраған. Бұл мутагенді әзірге шартты түрде "Алматы" штамы деп атадық", - деді Қайсар Табынов.

Қазақ аграрлы университеттің жанындағы хаалықаралық вакционология орталығы "британ" және "оңтүстікафрика" штамын анықтау үшін 18-25 наурыз аралығында зерттеу жүргізген.

Табынов "Алматы" штамы бойынша қосымша зерттеу жүргізіп, анық көз жеткізу үшін кемі әр аймақтан 10 сынама алып зерттеу керектігін жеткізді.

Кейін Қайсар Табынов Қазақпаратқа берген сұхбатында ҚазТАГ журналисі өзін дұрыс түсінбей қалғанын айтып, "Алматы штамы" анықталды деген ақпаратты жоққа шығарды.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу