Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бекшин «күткен» коронавирус келді

Сұқбат
Бекшин «күткен» коронавирус келді

Қазақстанда екі адамнан коронавирус анықталды. Олар Германияда келген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ хабарлады.

Қазіргі кезде Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан азаматтар 9 және 12 наурызда әртүрлі рейспен ұшып келген. Олармен ұшақта болған жолаушылар карантинде.

«Біз үш айдан бері осы індетке қарсы жұмыстар атқардық. Барлық шараларды қолдандық. Бүгін екі азаматымыздан вирус анықталып отыр. Олар Алматыдағы ауруханада. Жағдайлары жаман емес», - деді министр Біртанов.

10 наурыз күні Қазақстанның бас санитары Жандарбек БЕКШИН 11-16 наурыз аралығында "наконец-то" короновирус келеді деген болатын. Бас санитардың сөзі Qaznet-те хитке айналып, сынға іліккен.

Қытайдан шыққан індет қазір әлемнің 114 еліне тарады. Ресми дерек бойынша 123 мыңнан аса адамға жұғып, 4500 жан қайтыс болды.

Фото: sputniknews.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу