Магистратура тестілеуінің қорытындылары жарияланды

Биыл 39 мыңнан астам тест тапсырған

Мәди Саматұлы

  • 10.08.2024

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді 39 мыңнан астам адам тапсырды. Олардың 43%-ы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 75, ең жоғары балл – 132. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Тестілеу қорытындысы бойынша 149 қатысушының нәтижесі жойылған. Оның ішінде 101 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Кешенді тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін 41 адам аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылған. Кешенді тестілеуге кіргізудің үш деңгейлі жүйесінің арқасында 3 бөгде тұлға анықталған. Сондай-ақ, тестілеу бейнежазбаларын қайта тексеру нәтижесінде 4 адамның балы жойылған. Жалпы, ережебұзушылық өткен жылмен салыстырғанда (2023 жылы – 281) шамамен екі есеге азайған.

154 білім беру бағдарламасы тобы бойынша республикалық апелляциялық комиссияға 16 мыңнан астам өтініш, оның ішінде мазмұны бойынша 15 мыңнан астам, техникалық себептерге байланысты 902 өтініш түсті. Апелляциялық комиссияның шешімімен 152 бірегей тест тапсырмасы қанағаттандырылды. Оның ішінде, мазмұны бойынша – 125, техникалық себептерге байланысты – 27 тапсырма, деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Айта кетейік, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.

Жалпы, магистратурада оқуға 13 мың грант бөлінген.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-15 тамыз аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Болашақ магистранттардың оқуға қабылдануы 28 тамызда аяқталады.

Фото: pexels.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда алғаш рет студенттер арасындағы Enactus World Cup өтуде

03.10.2024

«Болашақ» стипендиаттарына қанша қаржы бөлінді?

23.09.2024

Демеу Жадраев, Нариман Құрбанов және Ғұсман Қырғызбаевқа оқу гранты берілді

03.09.2024

Студенттердің стипендиясы 50%-ға көбейеді

29.08.2024

Оқуға түсе алмай қалған талапкерлерге грант тағайындалды

28.08.2024

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДА

14.08.2024
MalimBlocks
Қазақстанда алғаш рет студенттер арасындағы Enactus World Cup өтуде

«Болашақ» стипендиаттарына қанша қаржы бөлінді?

Бағдарлама бойынша 939 қазақстандық білім алып жатыр

Демеу Жадраев, Нариман Құрбанов және Ғұсман Қырғызбаевқа оқу гранты берілді

Париж Олимпиадасында ел қоржынына түскен 7 медальдің бесеуін академия түлектері иеленген

Студенттердің стипендиясы 50%-ға көбейеді

Бакалавриат 20%-ға, магистратура мен докторантура 15%-ға артты

Оқуға түсе алмай қалған талапкерлерге грант тағайындалды

Жоғары оқу орындарына қабылдану үшін құжат тапсыру керек

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДА

2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнатуды және білікті мамандарды даярлауға баса назар аударуды тапсырды.