Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бір бүлдіршін жансақтау бөлімінде: Жамбыл облысында балалар жаппай уланды

Денсаулық
Бір бүлдіршін жансақтау бөлімінде: Жамбыл облысында балалар жаппай уланды

Жамбыл облысында балалар жаппай уланды. 17 наурызда Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне Меркі ауылы Ойтал учаскесі "Нұрай" бөбекжай бақшасының 10 тәрбиеленушісі жеткізілген, - деп хабарлайды Malim.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде 9 жағдай жіті ішек инфекциясы, 1 жағдай энтеровирус инфекциясы диагнозымен тіркелген.

"1 бүлдіршін жансақтау бөліміне ауыстырылды, жағдайы бірқалыпты, оң нәтижелер байқалады", - деп жазылған хабарламада.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес арнайы топ құрылып, әр баланың жағдайымен танысып, жағдай зерделеніп жатыр. Оған қоса ауру неден шыққаны анықталып жатыр.

"Меркі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеріс жұмыстарын бастады, барлық сынама алынды, қорытындысын күтеміз", - деп жазылған өңір әкімдігі мәліметінде.

Балабақша залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін екі тәулікке жабылып, ата-аналарға ескертілген.

Құзырлы органның тексеріс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданады. 

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу