Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бір отбасының жұмбақ жоғалуы “Адам өлтіру” бабы бойынша тергеліп жатыр

Қоғам
Бір отбасының жұмбақ жоғалуы “Адам өлтіру” бабы бойынша тергеліп жатыр
Фото: әлеуметтік желі

Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасын іздестіру жұмыстары жалғасуда. Жағдайға өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция полковнигі Құттыбай Садыковтың айтуынша, төрт адамның жоғалғаны туралы ақпарат 25 желтоқсанда түскен сәттен бастап ел аумағында кешенді іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, екі немесе одан да көп адамның жоғалуы “Адам өлтіру” бабы бойынша сараланады. Осыған байланысты жоғалған отбасының жүрген жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шаралары қабылданып жатыр, — деді Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.

Тергеу барысында барлық медициналық мекемелер, оның ішінде жекеменшік клиникалар да тексерілуде.

Сонымен қатар жоғалған адамдардың ұялы телефондарының сигналдары ел аумағында бірнеше рет тіркелгені анықталды. Телефондар мезгіл-мезгіл қосылып, өшіріліп отырған, соңғы рет Шымкент қаласында тіркелген. Іздестіру жұмыстарын үйлестіру үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, оның құрамына Ішкі істер министрлігінің мамандары да тартылды, — деп мәлімдеді полиция.

Қазіргі уақытта отбасының кенже қызы мен күйеу баласының елден тыс жерде жүргені белгілі болды. Алайда олардың жоғалғаны туралы туыстарынан арыз-шағым түспеген. Соған қарамастан, құқық қорғау органдары тиісті тексеру шараларын бастаған.

Отбасының жоғалғаны туралы 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға хабарласқан. Ол ағасының жұбайымен және екі ересек баласымен бірге бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпағанын айтқан.

Белгілі болғандай, отбасы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелді ауылында тұрған. Өткен жылдың қараша айында олар үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен, содан бері олардың қайда екені белгісіз.

Алдын ала мәліметтер бойынша, отбасы елдің оңтүстік өңірлеріне бет алған болуы мүмкін.

Іздестіруде төрт ересек адам бар:

отбасы отағасы;

оның жұбайы;

33 және 35 жастағы екі баласы.

Полиция жоғалғандар туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда мына телефондарға хабарласуды сұрайды:

98-20-78

98-20-88

+7 701 304 0012

Сондай-ақ, полиция өкілдері жоғалған отбасы туралы жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу