Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бишімбаев ісі бойынша негізгі сот талқысы 27 наурызда өтеді

Сұқбат
Бишімбаев ісі бойынша негізгі сот талқысы 27 наурызда өтеді

 

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша негізгі сот талқысы 27 наурызға белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот алқабилердің қатысуымен өтеді. 

"Негізгі сот талқысы (...) жалпы тәртіпте, алқабилердің қатысуымен тағайындалсын. Алқабилердің қатысуымен өтетін ашық сот отырысы 2024 жылы 27 наурызда сағат 10: 00-ге белгіленсін", - деді судья Айжан Құлбаева.

Сондай-ақ ол бірыңғай тізімнен алқабилер отырысына 300 үміткер негізгі сот талқысына шақырылатынын атап өтті.

"Сот ісін жүргізу тілі ретінде орыс тілі таңдалсын. Сотталушыға тағайындалған бұлтартпау шарасы сол күйінде қалдырылып, істі қарау кезеңінде, яғни іс сотқа келіп түскен күннен бастап алты айға дейін ұзартылсын", - деді судья.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу