Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бишімбаев ісінде прокурор болған Аймағанованың шені өсті

Қоғам
Бишімбаев ісінде прокурор болған Аймағанованың шені өсті

Салтанат Нүкенованың қазасына қатысты іс бойынша көпшілікке танылған прокурор Айжан Аймағанованың шені жоғарылады, деп хабарлайды Malim.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында подполковниктің погонымен ("әділет кеңесшісі" сыныптық шені) киімімен түскен жаңа видеосын жариялады.

Әлеуметтік желі қолданушылары Аймағанованы құттықтай жөнелді.

"Подполковник шенін алыпсыз. Құттықтаймын!", "Подполковник шені құтты болсын", "Шеніңіз құтты болсын,жоғарылай беріңіз!!!" деп жазып жатыр Желі қолданушылары.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысына айыптаушы тараптың өкілі - Айжан Аймағанова әділет майоры шенінде қатысқан еді.

Фото: Жоғарғы сот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу