Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бишімбаев пен Байжанов ісі апелляция сатысында қаралып жатыр

Құқық
Бишімбаев пен Байжанов ісі апелляция сатысында қаралып жатыр

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісі апелляция сатысында қаралып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 24 жылға сотталды. Ал қылмысты жасырып қалу әрекеті бойынша экс-министрдің туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.

26 маусымда қылмыстық істі апелляциялық сатыда судья Шынар Ерғалиева, Нұрлан Баяхметов және Нұрмұханова қарап жатыр. 

Сот отырысында бірінші болып Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сөйледі. Адвокат бірінші инстанцияда 20 бұзушылық болғанын айтты.

Бишімбаевтың адвокаты ретінде шыққан үкімге келіспеймін, оны заңсыз деп, «Адам өлтіру» бабын қылмыстық кодекстің 106-бабына ауыстыру қажет деп санаймын. Тағылған айыптың өзгеруіне байланысты жаза мерзімін азайту қажет. Ал «қинау» бабы бойынша үкім күшін жоюы қажет деп санаймын, - дейді адвокат Ерлан Ғазымжанов.

Фото: дереккөз

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу