Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Биыл Ұлытау облысында бірнеше балабақша мен мектеп пайдалануға берілді

Білім-ғылым
Биыл Ұлытау облысында бірнеше балабақша мен мектеп пайдалануға берілді
© Ұлытау облысы әкімдігі

Ұлытау облысында 2024 жылы білім беру инфрақұрылымын жақсарту бағытында айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Өңірде екі жаңа мектеп пен үш балабақша пайдалануға берілді.

Жаңа білім нысандары

2025 жылы Жезқазған қаласында 300 орындық «Жайлы мектеп», ал Теректі ауылында 80 орындық жаңа білім ошағы ашылды. Сонымен қатар:

  • Жезқазған және Сәтбаев қалаларында жалпы 640 орындық екі балабақша,
  •  Жаңаарқа ауданында 165 орындық бөбекжай ел игілігіне ұсынылды.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес Қаражал қаласы мен Манадыр станциясында салынып жатқан екі мектептің құрылысы да биыл аяқталмақ.

Арнайы білімге қолжетімділік артты

Ұлытау облысында ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарының өтінішімен өңірде алғаш рет аутизмі бар балаларды қолдау орталығы ашылды. Бұл орталық инклюзивті білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Алда жоспарланған ірі жобалар

Демеушілердің қолдауымен Жезқазғанда 250 орындық оқушылар сарайының құрылысы басталды.

2026–2027 жылдары облыста бірнеше ірі білім нысандары салынбақ:

  •  Жезқазғанда 1 200 орындық BINOM мектебі,
  • 400 ұл бала және 400 қыз балаға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейі,
  • 300 орындық екі интернат-жатақхана.

Білім сапасындағы жетістік

Өңірдегі білім сапасының артуын дәлелдейтін маңызды көрсеткіш — 2025 жылы «Алтын белгі» иегерлерінің саны екі есеге өсіп, 74 түлекке жетті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу