freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Біздің ең басты құндылығымыз - адам құқығының қорғалуы - Нұрсұлтан Байтілесов

Қоғам
Біздің ең басты құндылығымыз - адам құқығының қорғалуы - Нұрсұлтан Байтілесов
Фото: https://t.me/konstituciyalikreforma

Бүгін Астанада жаңа Конституция жобасына байланысты «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Жиында Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесов сөз сөйледі.

«Бұл жерде басты назар аударатын нәрсе, дін мемлекеттік құрылымнан бөлек. Бұл нақтылаудың басты себептерінің бірі - 1995 жылы жазылған Конституцияда, ол кездегі діни ұйымдардың, ағымдардың, ақпараттық мүмкіндіктерін бүгін күнмен салыстыруға болмайды. Әр адамның сенімі - ұлттың, елдің не кез-келген азаматтың денсаулығына қауіп төндірген жағдайда шектелуі тиіс. Яғни, бір азаматтың қалауы екінші азаматтың құқығын шектей алмайды», - деді Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесов.

Шара аясында Конституциялық комиссия мүшелері, заңгерлер, сарапшылар және азаматтық белсенділер пікір алмасу алаңында бас қосады. Конституциялық өзгерістердің әр азаматтың өміріне әсері туралы айтылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу