freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бопсалауды кәсіп еткен 9 талдықорғандық ұсталды

Құқық
Бопсалауды кәсіп еткен 9 талдықорғандық ұсталды
Pixabay

Жетісу облысында адам бопсалаған 9 талдықорғандық сотталды, - деп хабарлайды Malim.kz. Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қадағалау органының мәліметінше, қылмыстық топ 2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы наурызға дейін әрекет еткен. Талдықорғанның 9 тұрғыны интернет арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, кейін түрлі сылтаумен оларды пәтерлерге шақырған.

Тергеу деректері бойынша, одан кейін жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсетілген. Олар жалған "зорлау дерегі бойынша полицияға арыз береміз" деп, "мәселені реттеу" үшін қомақты ақша талап еткен.

Талдықорған қалалық сотының үкімімен тоғыз айыпталушы Қылмыстық кодекстің 194-бабы ("Бопсалау") бойынша кінәлі деп танылып, оларға әртүрлі мерзімге жаза тағайындалды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу