Облыс әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және отбасыға қажетті басқа да көмектерді көрсетуге қолдау білдіреді, деп жазады Malim.kz.
Бұған дейін әкімдік қайғыдан қан жұтқан отбасыға үй берілетіні туралы хабарланған болатын.
4 маусым күні сағат 15:00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында болған өрт салдарынан бір отбасының бес баласы қаза тапты.
Алдын-ала мәлімет бойынша, өрт кезінде балалар үйде үлкендердің қарауынсыз қалған. Өрт шамамен 30 шаршы метрді шарпыған, үйдің ішінде тұрмыстық заттар мен жиһаз жанған.
Фото: БҚО әкімдігі