freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҚО-да әйелді бір жыл аңдыған ер адамға сот үкімі шықты

Қоғам
БҚО-да әйелді бір жыл аңдыған ер адамға сот үкімі шықты
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық соты бір жылға жуық уақыт бойы әйелдің соңынан қалмай аңдыған ер адамға қатысты істі қарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жүйелі түрде қоқан-лоқы көрсетіп, жәбірленушінің мазасын алған азамат айыппұл төлейтін болды.

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың қаңтарына дейін жәбірленушіні жүйелі түрде аңдып келген. Ол әйелге тоқтаусыз қоңырау шалып, қорқыту мазмұнындағы хабарламалар жіберген.

Сонымен қатар, үйі мен жұмысының алдына келіп, психологиялық қысым көрсеткен.

Оқиғаның шарықтау шегі 23 қаңтарда болған:

Мас күйіндегі ер адам дүкен алдында әйелді күтіп алған;

Жәбірленуші сыртқа шыққанда, оны қолынан ұстап, қардың үстіне құлатқан;

Әйелдің әріптестері араша түсіп, шабуылдаушыны қуып жіберген.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Прокурор оны 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартуды сұрағанымен, сот басқаша шешім қабылдады.

«Ер адамның іс-әрекеті жәбірленушіге айтарлықтай зиян келтірген заңсыз қудалау ретінде танылды. Бұл әрекет әйелдің жеке басының қауіпсіздігі мен бостандығын бұзған», — делінген сот хабарламасында.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 80 АЕК (346 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ және екі тарап шағымдануға құқылы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астана тұрғыны сталкинг үшін сотталған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу