freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана тұрғыны сталкинг үшін сотталды

Құқық
Астана тұрғыны сталкинг үшін сотталды
ІІМ

Қала тұрғыны жәбірленушінің онымен қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін біле тұра, алты ай бойы оны жүйелі түрде аңдыған, деп хабарлайды Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Байланысты тоқтату туралы талаптарды, мессенджерлердегі бұғаттауды, сондай-ақ қолданыстағы қорғау нұсқамасын елемей, ер адам жәбірленушінің тұрғылықты және жұмыс орны бойынша оны қудалау арқылы, оның келісімінсіз бейнежазбаға түсіріп, психологиялық қысым көрсеткен.

Сотта мемлекеттік айыптаушы жәбірленушінің жеке бас бостандығына, қауіпсіздігіне және жеке өмірінің қол сұғылмаушылығына құқықтарының бұзылуынан әкеп соққан сотталушының кінәсін дәлелдейтін толық әрі жан-жақты айғақтар ұсынды.

— Сот үкімімен ол сталкинг жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылып, моральдық зиянды өтеуге міндеттелді. Аталған тұлғаның бұған дейін бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп, оның шарттарын бұзғанын ескере отырып, өтелмеген жаза бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, заңсыз қудалау үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу