Ресей билігі 21 қарашада бизнесмен Евгений Чичваркин, жазушы-сатирик Виктор Шендерович, экс-депутат Максим Резник және экономист Сергей Алексашенконы «террористер және экстремистер» тізіміне қосты, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Росфинмониторингтің мәліметінше, олардың әрқайсысына «терроризм» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Аталған тұлғалардың бәрі 2022 жылы құрылған «Антивоенный комитет России» құрамында. Қазан айында ФСБ ұйым мүшелеріне «зорлықпен билікті басып алу» және «террористік қауымдастық ұйымдастыру» баптары бойынша іс қозғаған.
Сонымен бірге Михаил Касьянов, Сергей Гуриев, Михаил Ходорковский, Гарри Каспаров, Владимир Кара-Мурза, Дмитрий Гудков, Екатерина Шульман, Кирилл Мартынов және Евгений Киселевке де қылмыстық істер қозғалған. Касьянов пен Гуриев 17 қарашада тізімге енгізілген.