Әкім Мұхамбетов Ресейдегі мектептің жөндеу жұмысына көмектесті

Malim Админ

  • 16.06.2020

Қостанай облысының әкімі Архимед МҰХАМБЕТОВ Ресейдегі Ленинград облысындағы мектептің жөндеу жұмыстарына көмектесті. Ол туралы әкім инстаграмдағы парақшасында жазды.

«Ұлы Жеңістің 75-жылдығы мен Кеңес одағының батыры, жерлесіміз С.Баймағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай біз Ленинград облысы Киров қаласында орналасқан Батырдың ескерткішiн қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтадық. Сонымен қатар, Батырдың есімі берілген Киров гимназиясының қасбетіндегі жазу жаңартылды. Қостанай облысының әкімдігі жерлесіміздің ескерткішін қайта жаңғырту бастамасын қолдады. Кеңес одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтың есімі халқымыздың жадында мәңгілікке сақталады», - деп жазды әкім.

Кировск қаласында орналасқан бұл оқу орны 1998 жылы құрылған. 2001 жылы гимназияға Сұлтан БАЙМАҒАМБЕТО ТЫҢ аты берілген. Батыр Қостанай облысының тумасы. 1940 жылы әскер қатарына алынған. Ленинград түбіндегі ұрыста 50-ден астам фашистің көзін жойған. Қоршауда қалған қаланы қорғаған Баймағамбетов 4 рет жараланады. Пулемет бөлімшесінің командирі 1943 жылы жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты. 1944 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Коллаж: МӘЛІМ КЗ

Байланысты жаналықтар

Актер Асқар Наймантаев өмірден өтті

02.12.2023

«Мacc-мeдиa тyрaлы» мaңызды құжaт – yaқыт тaлaбы

30.11.2023

«Абай» баспасынан шыққан 35 кітаптың тұсауы кесілді

28.11.2023

Бүркіт ақынды екінші рет өлтірген кім?

23.11.2023

Шетелде қазақ тілін оқыту әдістемесі жасалады

22.11.2023

Әншілердің фонограмма пайдалануына тыйым салу туралы петиция жарияланды

22.11.2023
MalimBlocks
Актер Асқар Наймантаев өмірден өтті

Ол ауыр дерттен көз жұмды

«Мacc-мeдиa тyрaлы» мaңызды құжaт – yaқыт тaлaбы

Eң aлдымeн, жyрнaлиcтiң жeкe мәртeбeci тyрaлы қaғидaттaрды aнықтaп aлып, жaңa зaңдa нaқ­тылaп бeлгiлey кeрeк

«Абай» баспасынан шыққан 35 кітаптың тұсауы кесілді

28 қараша күні Ұлттық кітапханада «Абай» баспасы шығарған 35 кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Кітаптың әр данасы – 1000 тиражбен шыққан. Аталған баспаның құрылтайшысы әрі директоры Ақберен Елгезек 35 мың дана кітапты басып шығаруға ешқандай мемлекет қаржысы жұмсалған жоқ дейді.

Бүркіт ақынды екінші рет өлтірген кім?

5 миллион қазақтың мүддесін, 250 миллион советтіктердің мүддесінен  жоғары қойған

Шетелде қазақ тілін оқыту әдістемесі жасалады

Әрбір дамыған мемлекет әлемдік деңгейде өз тілін, әдебиетін, мәдениетін жер бетінде мүмкіндігінше көбірек адамдарға үйрету, насихаттау, таныстыру және сол арқылы тілдің әлеуетін арттырып отыр.

Әншілердің фонограмма пайдалануына тыйым салу туралы петиция жарияланды