Әлемдік деңгейдегі қойылым Түркістан театрының қоймасында жатыр

Әлде, жақсылығын асырып, жамандығын жасырып қалудың әрекеті ме?

Malim Админ

  • 05.06.2023

Түркістан музыкалық драма театры  былтырғы жылы көрермен қауымға ұсынған «Триптих:  «Қарагөз», «Гамлет», «Фауст» спектаклі    әлемдік театр өнеріне жаңалық туғызар қойылым болды. Режиссер Әуезовті Шекспир, Гетелермен тең дәрежедегі әлемдік алпауыт екенін жалаң сөзбен емес, тың режиссурамен, өзгеше формамен, актерлердің басқаша ойынымен назарыңызға, назарға ғана емес сана-сезіміңе ұсынады. Қарагөзбен бірге есіңнен адасасың, Сырыммен бірге сергелдеңге түсесің, Наршамен бірге мұң кешесің, Ақбаламен бірге аласұрасың, Мөржанмен бірге азаланасың, Жабаймен бірге жарлы әкенің жанын түсініп,Жарылғаптың күйін кешесің. Полоний өлсе Офелиямен бірге жоқтайсың, жаның ауырады, Гамлетпен бірге шындықты біліп жігерленесің, әкесінің әруағына сенесің... Төрт сағаттық қойылымда көрермен кейіпкерден, оқиғадан тыс қала алмайды. Сондай-ақ ешбір кейіпкерді жазғыра да алмайды. Сырымдыкі қате, Наршаныкі дұрыс, Мөржандікі жөн деген жоқ. Режиссер әр кейіпкерді адам ретінде қараған. Әркімнің қателігі бар, әркімнің қасіреті бар, қуанышы бар. Өмірдегідей. Гамлет те солай, Фауст та...

Бір-бірімен үндеспейтін, жалғаспайтын үш әлем, үш туынды, үш автор... Махаббат майданынан жеңіліп, есінен адасқан үш қыз... Қарагөз, Офелия, Маргарита...

Үндеспегенді үндестіру, жалғаспағанды жалғастыру... Не үшін қажет? Ақыр аяғы құлдырайтын, құлазитын, тас-талқан болатын, бірақ сүюді, махаббатпен өмір сүруді тоқтатпайтын жандар әлемін тудыру не үшін керек? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін осынау кең масштабты қойылымды көру керек. Триптихтағы Сырым мен Нарша ешбір елдің өнері мен өмірінде сирек кездесетін  әлемдік өнер кеңістігіне көрсетуге татырлық кейіпкерлер екенін түйсінесің.

«Мен қос-ғашықтың жұбын көрдім. Олар бір кездері керемет сұлулығымен әйгілі болып, бұл күні қираған күйінде жатқан шаһардың көгінде қалықтап бара жатты». Триптих қойылымының прологынан.

         Режиссер Гамлетті әкесінің өлі денесімен шығарады, және әкесін Клавдийдің өлтіруі де көрермен алдында орын алады, Гертрудаға үйленуі де сол уақытта, тіпті елестің де сол сәтте келуі, яғни бір мезетте орын алуы Актерлардың сахнада өмір сүру тәсіліне ықпал етті, яғни көз алдыңда өмір мен өнер үндеседі. Спектакльдің сахналық тілі де өзгеше. Даладағы қойшы да, қаладағы құрылысшы да, яғни, «тұйғынға» да «торғайға» да түсінікті тіл.

         Актерлық құрамының өзі кіл мықтылар. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нүркен Өтеуілдің Клавдийі актердің бұған дейін жасаған шоқтығы биік рөлдеріне мүлдем бөлек кейіпкер. Психологиясы, жүрісі, сөйлеу мәнері көрушіні еріксіз танатына бас идіреді. Актердің халықаралық театр сыншылары бірлестігінің жыл сайын өткізетін «Сыншылар жүлдесі 2022» сараптамасының нәтижесінде екінші пландағы жыл актері номинациясына ие болуы осынған дәлел. 

         Бір кем дүниесі, 2022 жылдың қазан айында 2 күн қатар орын алған премьерадан кейін бұл қойылым әлі күнге көрермен назарына ұсынылмады. Еліміздің елордасы Астана мен театр мәдениеті қалыптасқан қаласы Алматы жұртшылығы көрмеді. Түркістан музыкалық драма театрының гастролдерінен кездестірмейміз, репертуарынан жолықтырмаймыз. Уақыт пен білім, талғампаз көрермен мен зиялы қауым баға берер ауқымды туындылар неге беймәлім күйде бір театрдың қоймасында жатыр. Әлде, жақсылығын асырып, жамандығын жасырып қалудың әрекеті ме? Жақсының жаман, жаманның жақсы болуы да талғам мен білім бәйгесінде бедер алатынын естен шығарды ма?

Айбын Атабай

 

 

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік