«Бердібек Соқпақбаев Алматы облысына ғана керек пе?». Жазушы базынасын білдірді
Қаламгердің мерейтойына бір айдай ғана уақыт қалды
Биыл қазақ және балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Қаламгердің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілмек. Дегенмен, Соқпақбаевты еске алуға арналған шаралар тек Алматы облысының және Райымбек ауданы әкімдігі арқылы ғана атқарылған. Жазушы Кәдірбек Құныпияұлы осылай деп базынасын білдірді.
«Өкініштісі осындай ғасырда бір дүниеге келетін классик жазушының мерейтойы тек Алматы облысына ғана керек сияқты. Сөз зергерінің көркем туындыларын насихаттау арқылы көпшіліктің санасына жаңаша ой салу, осылайша қазіргі қазақ әдебиетінің қоңырайған тірлігіне әр беруді сонда тиісті үкіметтік құрылымдар ойламай ма? Мәдениет және ақпарат министрлігі мерейтой иесінің кітаптарын шығарып, фильмдерінің қойылымдарын көрсетуді, Сыртқы істер министрлігі жазушының классикалық туындыларын шетел тілдеріне аударып таратуды мүлде қажет санамайтын сияқты»,-деп жазды Қ.Құныпияұлы.
Ал мерейтойға бар болғаны бір айдай ғана уақыт қалды. Айта кету керек, «Қазақстан» РТРК Алматыда Б.Соқпақбаевтың «Он алты жасар чемпион» повесі желісімен телехикаяның түсіріп жатыр.
Фото: Ашық дереккөз