Биыл мемлекет қаржысына түсірілген қандай фильмдер экранға шығады

Арман Қайыпхан

  • 25.01.2025

Ұлттық кинематографияны қолдау орталығы жаңа жобалардың басталғанын, мемлекеттің қаржылай қолдауымен түсірілген ұлттық киноның болашақ жауһарларына байқаудың өтетін күнін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық кинематографияны қолдау орталығының мәліметінше, қазақстандықтар асыға күтетін фильмдердің бірі – режиссер Дәурен Қамшыбаевтың «Капитан Байтасов» фильмі. Фильмде 2011 жылы Таразда болған теракті кезінде ерлік көрсеткен Ғазиз Байтасовтың ерлігі баяндалады.

Сценарийді жасауға батырдың ұлы Арманжан Әбдібеков белсене атсалысты. Орталық бұл фильм қаһарманның ерлігі мен жанқиярлығын дәріптейтін отандық кино тарихына елеулі үлес болады деп есептейді.

Биыл көрермендер құмар ойындарға тәуелділік мәселесін қозғайтын «Игроманка» драмасын, сонымен қатар футбол туралы «90+1» спорттық драмасы және «Күзгі самал», «Жалған арман»,  Qaitadan, «Тезек», «Қара қыз», «Алтын адам», «Жұпар жүрек» және «Абыл» секілді басқа да бірқатар киножобаны көре алады.

Кинематографияны қолдау орталығы наурыз айының басында киножобалар байқауы жарияланатынын да хабарлады. Жаңа фильмдердің басым тақырыптары Отанға деген сүйіспеншілік, экология және қажырлы еңбек болмақ. Басым тақырыптардың толық тізімі Кино орталығының ресми сайтында берілген.

Айта кетейік, өткен жылы мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізілген. Жаңа ережеге сәйкес, байқаудың бірінші кезеңінде тек сценарийлер қабылданып, олардың ең үздіктері Сараптамалық кеңестің қарауына жіберіледі.

“Бұл өзгерістер мемлекеттік қолдауға үміткер киножобалардың сапасы мен кәсібилігін арттыруға бағытталған”,  – делінген Ұлттық кинематографияны қолдау орталығы ақпаратында.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

«Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмі ұлтараздықты қоздырды – танымал режиссер

04.12.2024

«Бауырына салу» «Оскар»-ға ұсынылды

16.11.2024

«Маған көрсетпеді»: Ханбибі Есенқарақызы «Нұрикамал» фильмі туралы айтты

13.11.2024

921 млн теңге бөлінген екі кино прокатқа шыққан жоқ

08.10.2024

Qajymuqan көркемфильмі 10 қазаннан көрсетіле бастайды

28.09.2024

Қазақстандық фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды

27.09.2024
MalimBlocks
«Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмі ұлтараздықты қоздырды – танымал режиссер

Танымал режиссер Айсұлтан Сейітов фильмді сынап, пікір білдірген

«Бауырына салу» «Оскар»-ға ұсынылды

Фильм ауыл өмірінің қиын тіршілігін бейнелейді

«Маған көрсетпеді»: Ханбибі Есенқарақызы «Нұрикамал» фильмі туралы айтты

921 млн теңге бөлінген екі кино прокатқа шыққан жоқ

2019-2021 жылдары «Выбор» кинофильміне 500 млн теңге бөлінген

Qajymuqan көркемфильмі 10 қазаннан көрсетіле бастайды

Фильм 4 жыл түсірілген

Қазақстандық фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды

Америка киноакадемиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді