Экология: Ең сорақы болжам тап қазір шындыққа айналды

  • 24.09.2021

Сарапшылар климаттық өзгерістердің қауіптілігі – болашақтың емес, бүгінгі күннің мәселесіне айналғанын айтады. Температураның көтерілуі, апатты орман өрттері, құрғақшылық, атмосфераға қауіпті шығарындылар – бұл жаһандық мәселелер, оларды шешу үшін барлық мемлекеттер тез арада күш бітіктіріп, әрекеттену қажет.

Еуразия медиа форумында түрлі елдердің сарапшылары, ғалымдар, бизнес өкілдері және азаматтық белсенділер экологиядағы маңызды мәселелерді қалай шешуге болады деп басқатырысты.

«Климаттың өзгеру мәселесі барлығына қатысты, бірақ әр аймақта ол әр түрлі қарқынмен жүреді. Егер сіз, мысалы, Африка аймағына, Ауғанстанға және басқа аймақтарға қарасаңыз, ол жердегі климаттың өзгеруі бірқатар мәселелерді туындатып отыр. Атап айтқанда, бұл азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері, ал азық-түліктің тапшылығы әлеуметтік, саяси шиеленістерге, шиеленістер көші-қонға, көші-қон теңсіздікке және т.б. әкеледі. Бұл болашақтың мәселесі емес, қазір, тап бүгін болып жатыр. Бірақ әзірге сол аймақтан алыстағы бізге оны түсіну және ұғыну қиын.  Климаттың өзгеруін барлық елдер әлі бірдей сезінбеді, бірақ пандемия бізге мәселелердің оқшауланбағанын, ортақ шешімдердің  қажеттігінүйретті», - деді қайырымдылық жасаушы, адам құқығын қорғайтын қозғалыс белсендісі және Ұлыбританиядағы білім беру амбассадоры Назанин Алакиджа.

«Ең нашар болжам қазірдің өзінде жүзеге асырп жатыр» дейді Брюссельдегі Еуропалық мектептің философия кафедрасының меңгерушісі Мэттью Пай.

Ғалым егер алдағы 10 жылдағы перспектива туралы айтатын болсақ, онда біз температураның тағы 3-4 градусқа артуына бет алдық. Бұл көп пе әлде аз ба? Түсінікті болу үшін Пай адамның дене температурасымен салыстырды және 2 градусқа көтерілу ыңғайсыздықпен байланысты, ал 4 – ке қауіпті екенін атап өтті.

«Біз қазір атмосферадағы парниктік газдардың шоғырлануы тарихи деңгей ғана емес, бұрынғы антирекордтарды асырып жіберетін жағдайға тап болдық. Ең сорақысы, шығарындылардың қарқыны әлі де артып келеді», - дейді Мэттью Пай.

Мәселені қалай шешуге болады?  Барлық мүдделі тараптар, соның ішінде экологияға тікелей әсер етіп отырған ірі бизнес бірігіп, әрекеттенуі тиіс дейді. Мысал ретінде Philip Morris International компаниясының аты аталды.

«Бірнеше бағытта жұмыс істеп жатырмыз және олардың бірі, әрине, шығарындыларды азайту. Тікелей және жанама шығарындылар көлемін былтыр 2019 жылмен салыстырғанда 26%-ға қысқарта алдық. Сөзсіз, біздің міндетіміз – көміртекті бейтараптық және біздің мақсатымыз – оған 2030 жылға қарай кәсіпорындарымызда қол жеткізу. Қазірдің өзінде компанияның 39 зауытының 2 фабрикасы көміртекті-бейтарап, ал тағы бірнешеуі өз өндірісін көміртекті бейтараптыққа ауыстыру үшін жұмыс істеуде. Бірақ климаттық күн тәртібі туралы айтқанда, біз барлық аспектілерді, мысалы, корпоративті көлік жүргізу сияқты аспектілерді қарастырамыз. Экологиялық жүргізу қағидаттары компанияның бүкіл әлем бойынша барлық филиалдарында белсенді түрде енгізілуде. Сондай-ақ, біз үшін ластану, қоқыс проблемасы өте маңызды және осы жерде мен халық арасында ағарту жұмыстарын жүргізу үшін көп жұмыс жасайтын Қазақстандағы өкілдігіміздің рөлін атап өтер едім. 2020 жылы Филип Моррис Қазақстан Қазақстанның экологиялық кәсіпорындар қауымдастығымен бірлесіп «Қоқысты тоқтат!» жобасын іске қостық, ол басқа елдердегі филиалдарымызда да үлкен қызығушылық тудырады. Олар оған қосылып, тек ағартушылық қана емес, сонымен қатар еріктілік бастамаларын да жүзеге асырады», - деді Ирина Жукова, Ресей мен Шығыс Еуропадағы Philip Morris International тұрақты даму жөніндегі директоры.

Спикердің пікірінше, қазір тұрақты дамудың күн тәртібі ірі бизнестің күн көрісі үшін қажеттілікке және жалғыз мүмкіндікке айналды. Ірі компаниялар экологиялық жағдайды жақсы білетін реттеуші органдар, азаматтық қоғам, тұтынушылар тарапынан көбірек қысым көруде. Яғни, экология мен қоршаған ортаға қамқорлық жасау бүгінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі ғана емес, сонымен қатар айтарлықтай бәсекелестік артықшылыққа айналуда. Мұны бүкіл әлемдегі компаниялар неғұрлым көп түсінсе, соғұрлым климаттық мәселелерді шешуге айтарлықтай үлес қоса алады.

Сарапшылардың пікірінше, планетаны сақтап қалу ісінде уақыт қатшұғыл түрде белсенді іс-әрекет жасайтын кез.  

Фото: azattyq.org

 

 

Байланысты жаналықтар

Президент Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады

22.07.2024

«Хиджаб кигізіп, намаз оқытам». Ұланғасыр Қами болашақ әйеліне талаптарын айтты

21.07.2024

Қайрат Нұртас қамаудан шықты (ВИДЕО)

20.07.2024

Өнер иелері тойдан бөлек табысты қайдан табады?

18.07.2024

Ақмола облысында тасқа қашалған көне артефакт табылды

17.07.2024

«Қарызға баттық!». Жылға жуық жалақы алмаған «Қазақфильм» қызметкерлері бас көтерді (ВИДЕО)

17.07.2024
MalimBlocks
Президент Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Хиджаб кигізіп, намаз оқытам». Ұланғасыр Қами болашақ әйеліне талаптарын айтты

Ол «Хиждаб» арабтікі» деген сөзге пікірін білдірді

Қайрат Нұртас қамаудан шықты (ВИДЕО)

Ол ұшақтағы бұзақылығы үшін 15 тәулік жатып шықты

Өнер иелері тойдан бөлек табысты қайдан табады?

Қазақстандағы өнер иелерінің қосымша кәсіптері туралы дерек жария болды.

Ақмола облысында тасқа қашалған көне артефакт табылды

Ғалымдардың пікірінше, әзірге тасқа қашалған адам бейнесіндегі ежелгі мүсіннің қай дәуірге жататынын айту мүмкін емес.

«Қарызға баттық!». Жылға жуық жалақы алмаған «Қазақфильм» қызметкерлері бас көтерді (ВИДЕО)

Олар Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалдыны кінәлайды.