Кәсіптік және техникалық білім: Түлектер жерде қалмайды

Malim Админ

  • 28.04.2020

Статистика комитетінің деректеріне қарағанда, елде техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны бар. Онда  475 443 студент оқып жатыр. Былтыр 144 333 адам кәсіптік және техникалық оқу орындарын бітіріп шыққан. Есесіне, былтырдың өзінде орта мектептен кейінгі техникалық және кәсіптік оқу орындарына 153 123 адам қабылданған.

Осы көрсеткіштер елде техникалық және кәсіптік білім маңызды екенін айқындап тұр. Деректерді сөйлете түссек, былтыр техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітіріп шыққан 88 634 түлек жұмысқа орналасып кеткен. Ең көп жұмыс тауып түлектер Алматы қаласында – 11 060 адам. Бұл түснікті де. Өйткені былтыр Алматыдағы кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындарын барлығы 19 913 адам бітірген.

Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жөнінен Шығыс Қазақстан облысы екінші орынға шыққан. Шығыс Қазақстан облысында кәсіптік және техникалық оқу орындарынан 2019 жылы барлығы 10 659 адам түлеп ұшса, оның 7 383-і жұмыс тауып кеткен. 7042 түлегі жұмысқа орналасқан Алматы облысы үшінші орында. Жалпы, Алматы облысындағы кәсіптік және техникалық оқу орындарын былтыр 10 143 адам бітірген.

Ал енді техникалық және кәсіптік білім алған қалған түлектер қайда кетті? Әлбетте, олар да жерде қалмай, өз орындарын тауып кетті. Көпшілігі колледж немесе жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырған. Тағы да статистика комитетіндегі деректерді қарасақ, кәсіптік және техникалық білім алған 15 662 адам жоғары оқу орындарына түскен. Қызығы, бұл жерде де Алматы қаласы бірінші орынға шыққан. Алматыдағы кәсіптік және техникалық білім алған 4027 адам жоғарғы оқу орнына түскен. Қарағандыдағы 1689 түлек, Павлодар облысында 1122 түлек, Нұр-Сұлтан қаласының 1061 түлегі кәсіптік және техникалық білімінің арқасында жоғағы оқу орындарына түсіп кеткен. 2019 жылы техникалық және кәсіптік білім беру орындарын бітірген 1633 түлек колледждерде оқуын жалғастырыпты.

Асылы, аты айтып тұрғандай, кәсіптік және техникалық білім алғандар бірден өздері оқыған кәсіп бойынша жұмысты жалғастырып кетуге дайын. 2019 жылғы дерек бойынша, кәсіптік және техникалық білім алған 102 249 түлек разряд алып шыққан.  Олардың 13 089-ы оқуды үздік дипломмен тәмамдаған.

Кәсіптік және техникалық білім беру орындарында ауыл шаруашылығы, экономика саласындағы кәсіптер оқытылады. Қазіргі кезде мемлекет түрлі бағдарламалар арқылы  кәсіптік және техникалық білім беруге аса мән беріп жатқандықтан,  ол оқу орындарында оқытылатын мамандықтардың басым бөлігін тегін оқып шығуға болады. Жоғарыдағы статистика бұл оқу орындарын тәмамдап шыққандардың 70 пайызынан астамы бірден жұмысқа тұратынын көрсетті.

Кәсіптік және техникалық оқу орындарында сервис, экономика және басқару, өндіріс, монтаж және жөндеу жұмыстары, көлікті пайдалану, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технолгиялар және телекоммуникация тәрізді мамандықтар жоғары сұранысқа ие.

Былтырғы жылғы дерекке сүйенсек, елдегі кәсіптік және техникалық оқу орындарында жоғары білімі бар 34 769 ұстаз сабақ береді. Жоғары білімі бар өндірістік оқыту шеберлерінің саны – 3 947 адам.

Фото: buki.kz

Байланысты жаналықтар

Дәрігер Күләш Ахметованы ақындыққа баулыған

22.09.2023

Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт қайтыс болды

20.09.2023

Астана драма театрлары жаңа маусымда көрерменге не ұсынады?

19.09.2023

В Астане стартовали XIV Национальные Дельфийские игры

15.09.2023

Жынданып өлген Оразбаева. Кеңестік кесір жүйенің құрбаны

11.09.2023

Колледждерге грaнт көбейді

30.08.2023
MalimBlocks
Дәрігер Күләш Ахметованы ақындыққа баулыған

Жамбылдағы медициналық училищені оқып жүргенде Өкім ағасының үйінде тұрыпты

Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт қайтыс болды

Қаламгер 74 жасында өмірден озды

Астана драма театрлары жаңа маусымда көрерменге не ұсынады?

Алғаш рет елімізде  драма мен опера сынды екі үлкен жанрды үндестіретін қойылым жұртшылыққа жол тартады

В Астане стартовали XIV Национальные Дельфийские игры

XIV Национальные Дельфийские игры проходят в эти дни в столице. В Астане они организованы уже в четвертый раз. Мероприятие продлится до 17 сентября.

Жынданып өлген Оразбаева. Кеңестік кесір жүйенің құрбаны

Арнайы пансионат-үй бөліп, қасына дәрігер қойғанмен, жазылып кетпейді

Колледждерге грaнт көбейді