Мұғалімдер қағазбастылықтан құтылды

Malim Админ

  • 10.05.2020

Мұғалімдер шамадан тыс есеп беруден біржолата құтылмақ. Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізімі көрсетілген білім және ғылым министрі қол қойған бұйрық күшіне енді. Ол бұйрыққа сәйкес, мұғалімдерден екі түрлі құжат толтыру ғана талап етіледі.

 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сәуір айында қол қойған  № 130 бұйрықта мұғалімдер толтыруы тиіс құжаттар тізімі нақты көрсетілген. Оның бірі – сынып журналы болса, екіншісі – сабақ жоспары.

Ұстаздар мұнымен қоса оқу жылының басында күнтізбелік-тақырыптық жоспарды дайындайды және әр тоқсан соңында критериалдық бағалау бойынша құжаттарды толтырады. Яғни бұдан басқа құжаттарды толтырудың қажеті жоқ.

 

Бұл бұйрық не үшін қажет? "Педагог мәртебесі туралы" заңға сәйкес, мұғалімдерден артық есепті талап еткендер әкімшілік жазаға тартылады. Осы бұйрықтың арқасында бұдан былай мұғалімдерді шамадан тыс есеп беруден арылтатын заң жүзіндегі негіз пайда болды. Яғни министрлік бекіткен құжат тізімінен артық есепті толтыруды талап еткендердің әрекеті әкімшілік кодекске қайшы болмақ.

 

Бұйрыққа сәйкес, мұғалім сынып жетекшісі болса, онда оқу жылының басында тәрбие жұмысының жоспарын жасайды, өткізілген ата-аналар жиналысы бойынша электрондық форматта хаттама толтырады, оқушылардың табельдерін толтырады және қажеттілігіне қарай олардың жеке істерін жаңартып отырады.

Енді мектеп директоры мен оның орынбасарларының да толтыратын құжаттары бекітіледі. Оны былай қойғанда, колледж педагогтері толтыратын құжаттар тізімі де бекітілді. Мектеп мұғалімдерінен бір айырмасы, колледж ұстаздары жыл басында оқу бағдарламасын құрып, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасайды.Ал күнделікті құжаттарға келсек, сабақ жоспарын әзірлейді, теориялық, өндірістік оқыту және жеке сабақтарды есепке алу журналдарын толтырады.
Бұйрыққа сәйкес, егер педагог куратордың қызметін атқарса, тағы бір құжат қосылады.

Артық құжат толтырудан арылу мұғалім жүктемесін азайтып, оқу ісі және шығармашылықпен айналысуына жол ашадыү Екіншіден, артық құжаттан құтылу бюрократия, ескірген тәжірибеден арылтады. Расында да, барлық мектептер мен мектептен кейінгі білім беру орындарында жұмыс істейтін педагогтардың басты назарында шәкірт болу ытиіс.

Құжат толтыруға кететін уақытты ұстаздар одан да білім беру, білім беру сапасын арттыруға бағыттай алады. Барлық өркениетті елдерде осылай. Өйткені білім сапасы ең алдымен ұстаздардың кәсібилігіне, біліктілігіне байланысты. Сол себепті ұстаздар бос уақытын өзін-өзі дамытуға, онлайн курстардан өтуге, қосымша әдебиет оқуға, ізденуге, қысқасы, өзін-өзі жетілдіруге арнай алады.

Ал егер мұғалімдерден шектен тыс есептілікті талап етіп, қажетсіз құжаттарды толтыруға мәжбүрлесе, ұстаздар қауымы не істеуі керек? Онда мұндай жағдайда білім және ғылым министрлігінің білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комитеттің аумақтық департаменттері ҚСжАЕК органдарына жоспардан тыс тексеруді жүргізеді.

Құқық бұзушылық расталған жағдайда, алғаш рет бұзушылық жасаған адам кінәсін мойындаса, оған ескерту жасалады. Ал екінші рет дәл осы құқық бұзушылыққа қайта жол берілсе, ол  адамның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылады. Әкімшілік айыппұл мөлшері 20 айлық есептік көрсеткіштен (55 120 теңге) 120 айлық есептік көрсеткішке (333 360 теңге) дейін.

Әрине, тексеріс жүргізуші органдар ұстаздар шағымын айғақтайтын материалдарды негізге алады. Бұл олардың негізгі қызметке қатысы жоқ жұмыс түрлерін атқаруды міндеттегенді растайтын фото, бейнежазбалар, бұйрық, хат немесе актілердің көшірмелері,  заңда көзделмеген есепті талап еткен тапсырма көшірмесі, заңда көзделмеген тексеру жүргізілгенін растайтын жазбалар.

Сондай-ақ "Педагог мәртебесі заңы" бойынша мұғалімдерден өздері қаламайтын мерзімді басылымдарға мәжбүрлеп жаздыру, тауар мен қызмет алдыруға да тыйым салынған. Егер осындай оқиға орын алса, фото, бейнежазба, түбіртектер мен басқа материалдар назарға алынады.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда жарты миллионға жуық педагог әйел қызмет етеді

07.03.2024

Педагог:  Мақсатым – мұғалімдікті брендке айналдыру 

07.08.2023

Г.Сайынқызы: Мұғалім – өнеге иесі

27.07.2023

Сандуғаш Парманова:  Ұстаздарды дамыған елдерге тәжірибе алмасуға жіберу керек 

26.06.2023

Профессор: «Баланы жанын салып оқытатын ұстаздар сирек болмауы керек»

23.06.2023

Мұғалім құрметті болса, саналы қоғам қалыптасады

17.06.2023
MalimBlocks
Қазақстанда жарты миллионға жуық педагог әйел қызмет етеді

Оның 28 340-ы колледжде жұмыс істейді.

Педагог:  Мақсатым – мұғалімдікті брендке айналдыру 

Мұғалім мәртебесі деген ұғымды қатты драматизациялап жіберетін секілдіміз

Г.Сайынқызы: Мұғалім – өнеге иесі

Сандуғаш Парманова:  Ұстаздарды дамыған елдерге тәжірибе алмасуға жіберу керек 

Профессор: «Баланы жанын салып оқытатын ұстаздар сирек болмауы керек»

Мұғалімнің киім киісі, жүріс-тұрысы, адамдармен сыпайы қарым-қатынасы оқушыларға ғана емес, біздердің ата-аналарымызға да үлгі-өнеге болатын

Мұғалім құрметті болса, саналы қоғам қалыптасады