Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш ашылды 

Алматыда Түркияның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш ашылды. Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Мұстафа Капуджу, Түрксой Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Malim Админ

  • 26.01.2024

Шарада министр Айда Балаева ескерткіш Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркияның 100 жылдығына орай ашылғанын айтты.

-Түбі бір, тарихы тамырлас Түрік елі біз үшін кеше де, бүгін де тілегі ортақ, мақсаты бір бауырлас мемлекет. Мемлекет басшыларының арқасында осы күндері біздің елдер арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, қазіргі таңда барлық салалар қарқынды дамып келеді. Әсіресе, бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықтың алтын көпірі болған мәдени байланысымыз зор. Бұл ретте Түркия тарихында өшпес із қалдырған қазіргі түрік мемлекетінің негізін қалаушыға ерекше мән беріледі. Ол жүзеге асырған мәдени, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларымен заманауи қоғамның құрылуына баға жетпес үлес қосты. Мемлекеттің дамуына негіз болатын реформалар күні бүгінге дейін жалғасып келеді,- деді Аида Балаева.

Биіктігі 3 метрден тұратын қола ескерткіштің тұғыры граниттен жасалған. Ескерткіштің авторлары қазақстандық мүсіншілер - Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов.

Байланысты жаналықтар

Жасөспірімнің қалжыңынан кейін әуежайда тексеріс басталды

20.04.2025

Алматыда көшелерді жауып ұйымдастырған марафоннан екі адам қайтыс болды

20.04.2025

Лифтіде пышақпен жүрген ер адам тұрғындарды шошытты

19.04.2025

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

19.04.2025

Доллар бағасы сәл арзандады

18.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Жасөспірімнің қалжыңынан кейін әуежайда тексеріс басталды

Алматы халықаралық әуежайында болған оқиға салдарынан бірнеше рейс кешігіп, уақытша ұшу шектеулері енгізілді

Алматыда көшелерді жауып ұйымдастырған марафоннан екі адам қайтыс болды

Лифтіде пышақпен жүрген ер адам тұрғындарды шошытты

Оқиға Алматыда болған

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

Доллар бағасы сәл арзандады

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады