Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалін және «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Жаңа марапаттар ұлттық мәдениет пен өнерді дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға беріледі. Атап айтқанда, музыка және бейнелеу өнерін дамытуға еңбек сіңірген тұлғалар марапатқа ие болады.
Айбек Смадияровтың айтуынша, мәдениет пен өнерді қолдау жаңа Ата заңда мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілген.