«Өмір ағашы» қайырымдылық акциясы басталды

Malim Админ

  • 22.04.2022

Балалар жылы аясында Көкшетаудағы «Кванториум» орталығында «Өмір ағашы» қайырымдылық акциясы басталып кетті. Іс-шара онкологиялық аурулармен ауыратын балалардың арман-тілектерін орындауға бағытталған.

Қайырымдылық науқанының ашылу салтанатына қала әкімдігі, білім бөлімінің өкілдері мен жергілікті меценаттар қатысты.

«Өмір ағашы» композициясына балалардың қалауы бойынша ашықхаттар ілінді. Кез келген тұрғын балақайлардың тілектерін тағдап алып, оны орындай алады. Ашықхаттарда отбасылық демалыс орталығына, океанариумға, «Оқжетпес» футбол клубына, қала сыртындағы сауықтыру лагеріне, елордадағы «Discovery» ойын-сауық кешеніне бару, цирктегі қойылымды көру сияқты тілектер жазылған. Балалар өз хаттарында сынып үшін тосынсый жасағысы келетіндерін, гироскутер, ойын ноутбугы мен планшет, ойыншық-машина алуды армандайтындарын жазған.

"Адам өміріндегі ең басты құндылық – денсаулық. Бүгін біз ауыр дертке шалдыққан балалардың армандары мен тілектерін жүзеге асыру, көмек қолын созу, игі іс жасау, балаларды қуанту үшін жиналып отырмыз. Адам өмірінің шынайы құндылығы гуманизммен, біреудің қайғысына мейірімділік пен жанашырлық, мұқтаж жандардың қиын сәттерінде қолдау көрсетумен анықталады", – деп атап өтті Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса.

Қала әкімінің сөзінше, қайырымдылық іс-шараларға қатысу өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге жақсы мүмкіндік береді.

"Әр адамға азаматтық ұстаным көрсетуге және мемлекетіміздің дамуына және балаларға қамқорлық жасауға нақты үлес қосуға жол ашады. «Өмір ағашы» акциясы меценаттық пен қайырымдылық дәстүрлерді қолдайды. Игі істер жасағандарға, өзгенің қайғысына ортақтасатын, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға, ауыр сырқаты бар балаларға көрсеткен мейірімділігі үшін өзінің немқұрайлы қарамайтындығын көрсететін адамдарға алғыс айтқым келеді. Бір баланы құтқару әлемді өзгертпейді, бірақ бұл бала үшін әлем өзгереді", – деп атап өтті әкім.

Бауыржан Ғайса Ерқанат есімді бүлдіршіннің ашықхатын таңдап алды. Оның хатында «Оқжетпес» футбол клубына баруды армандайтынын жазылған. Әкім Ерқанатқа денсаулық тілеп, онымен бірге спортшылардың жаттығуларына баратынын жеткізді.

Депутаттық корпустың атынан қалалық мәслихаттың хатшысы Рүстем Қалышев ашық хаттардың бірін таңдап алды, оның иесінің тілегін орындауға уәде берді.

"Андрей, сенің хатыңнан гироскутер туралы армандайтыныңды білдік, саған өзің армандаған сол көлікті сыйға тартамыз. Балаларды қолдау жылында біз олардың қауіпсіздігін, құқықтары мен мүдделерін қорғауға, денсаулығын нығайтуға, сапалы білім алуына, бос уақытын ұйымдастыруға ерекше назар аударамыз. Балалардың армандары болғаны керемет, біз ересектер оларды жүзеге асыруға көмектесеміз", – деді халық қалаулысы.

«Altyntau Kokshetau» АҚ қаржы директоры Мақсат Кульчиков мұндай қайырымдылық акциясының жаңа әрі қажетті бастама екенін атап өтті.

"Қайырымдылық шарасына қатысып, балаларды қуантуға тек компания өкілдері ғана емес, қарапайым қызметкерлер де ниет білдірді. Идея жақсы, оны әлі де жалғастыру керек. Ульяна, біз сіздің арманыңызды қуана орындаймыз", – деді қаржы директоры.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ақмола филиалы директорының орынбасары Гүлден Хамитова кәсіпкерлер палатасымен бірге акцияға іскер әйелдер кеңесі де қатысатынын атап өтті.

"Қайырымдылық іс-шарасының қасиетті Рамазан айында өтуінің де мәні зор. Жыл сайын елімізде онкологиямен ауыратын балалар саны артып келеді. Ауру - бұл науқас бала үшін ғана емес, оның туыстары мен жақындары үшін де үлкен, ауырсынақ. Кез келген адам науқас балаларды және ауыр науқастарды қолдау үшін өз үлесін қосып, осындай тамаша игі істің кішкентай бөлшегі атана алады. Біздің міндетіміз - бұл балақайларды сыйлықтармен қуанту ғана емес, балалардың жан-дүниесіне үңіліп, жайлы атмосфера сыйлай алу", – деді Гүлден Хамитова.

Кездесу соңында ұйымдастырушылар депутаттық корпусқа, қала кәсіпкерлеріне, меценаттарға осы қайырымдылық шарасына бей-жай қарамай, оның бөлшегі болып, балалардың арман-тілегін орындауға ат салысқандары үшін алғыс білдірді.

Байланысты жаналықтар

Жаңа пьесаларды сахнаға шығаратын жоба басталды

24.12.2024

Елімізде 231 мемлекеттік архив жұмыс істеп тұр

22.12.2024

Маржан Жұбаныш. Қазақ мультфильмін әлемге танытқым келеді

20.12.2024

Астананың LED экрандарында Мемлекеттік ту бейнеленді (ВИДЕО)

15.12.2024

Қазақша «Моана 2» анимациясының кассалық табысы 151 000 000 теңгеден асты

12.12.2024

Димаштың жанкүйерлері тұңғыш поляк-қазақ сөздігін шығарды

10.12.2024
MalimBlocks
Жаңа пьесаларды сахнаға шығаратын жоба басталды

Жоба екі кезеңнен өтті

Елімізде 231 мемлекеттік архив жұмыс істеп тұр

Бүгін – Архившілер күні!

Маржан Жұбаныш. Қазақ мультфильмін әлемге танытқым келеді

2022 жылы жарық көрген мультфильм сол жылы Жа­по­нияда өткен анимациялық фильмдер фестивалінде 1-орын алды. Мультипликация өндірісінің отаны саналатын елде мұндай жоғары сыйлыққа ие болу өте қиын екені түсінікті. Tokyo Film Award фестиваліне әлемнің көптеген елі­нен жүздеген мультфильм қатысқан.

Астананың LED экрандарында Мемлекеттік ту бейнеленді (ВИДЕО)

Шара Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған

Қазақша «Моана 2» анимациясының кассалық табысы 151 000 000 теңгеден асты

Димаштың жанкүйерлері тұңғыш поляк-қазақ сөздігін шығарды

Кітап Польшадағы Димаш Құдайберген фан-клубы шығарған тұңғыш сөздік