Қисық ой: Шенеуніктерге халықты тірідей көрсеткен апатқа алғыс айтқың келеді

Руслан ЕРБОТА

  • 26.05.2020

Кейде шенеуніктерге бекер ренжиміз. Тасбауыр, қатыгез, құлқыны мен қалтасынан басқаны ойламайтын, қара бастарының қамы үшін шеттерінен жағымпаз болғандар дейміз. Мұнымыз енді, асыра сілтеу. Мәселен, қараңызшы, қандай да бір апат болса, шенді-шекпенділер сол жерде «бәріміз біргеміз» деп шапқылап-ақ жүреді.

Рас, басқа кезде астанаға табанын тіліп, табалдырығына зорға жеткен бейбақтың қолын алмақ түгілі оған жуан мойынын бұрып та қарамайтынын көріп жүрміз. Онысымен қоймай, қабаған иттей күзетшісі әлгінің қол-аяғын қайырып, артынан теуіп, қуып та жіберетіні бар.

Ал, апатты кезде біздің шенеуніктер айналайын ғой, айналайын! Өзгеріп кетеді. "Бәрін істейміз, бәрін қатырамыз" деп ылпылдап, құмырадан шыққан жындай жылмыңдап тұрады.

Сөздеріне қарасаң, қазақша бәрі біледі-ей! Шеттерінен шешен сөйлейді. Түрлеріне қарасаң, жаппай иман жүзді. Бұрындары сұрланып тұратын жүздерінен нұр шашырап кетеді ғой. Ақ жағалы шенді-шекпенділердің боти киген қара халықты ел басындай құрметтеп, тұңғыш президенттей осылайша зор махаббатпен жақсы көріп кеткен кездерін көрмептім.

Шіркіндер «бәрі тек халық үшін!», «бәрі тек халықтың арқасында!» деп тұрады ғой. Майда сөздеріне ғана емес, қауырт тірліктеріне де қызығасың. Жай кезде айтатын жаттанды сылтауларының бәрін ұмытып қалады. Қаржыны да табады, демеушіні де жердің астынан суырып алады. Қала десең қала, ауыл десең  ауыл салып тастайды.

Осындайда қу басқа кейде арам ой келеді.  Жыл сайын жиырма ауылды кісі өлімінсіз су басып тұрса ғой...

Сонда жыл сайын елде су жаңа жиырма ауыл салынып жатар еді.

Басқа кезде шенеуніктер қарапайым халықты тірідей көріп, ауылды қарық  қылған ба еді?!.

 

фото https://primeminister.kz/kz сайтынан алынды

Байланысты жаналықтар

Жұмыс орнында жазым болғандар көбейді

28.02.2023

Түркиядағы қазақстандық:  «науқастардың қанын жуатын су жоқ»

13.02.2023

Түркиядағы қазақстандық: Зілзаладан жүрегіміз шайлығып қалды

10.02.2023

Түркияда жоғалған екі қазақстандық үйінді астында қалған

09.02.2023

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 912-ге жетті

06.02.2023

Апатты күнде құтқарушылар қалай жұмыс істеді?

30.03.2022
MalimBlocks
Жұмыс орнында жазым болғандар көбейді

200 мыңнан астам қауіпті өндірістік нысан бар

Түркиядағы қазақстандық:  «науқастардың қанын жуатын су жоқ»

"Қанатымен су сепкен қарлығаштай..." Бұл сөзді Түркиядағы зілзала кезінде зардап шеккендерге түрлі көмек ұйымдастырып, жаралыларға жағдай жасауға тырысып жүрген отандасымыз Ләззат Мырзашқа қарата айтуға болады.

Түркиядағы қазақстандық: Зілзаладан жүрегіміз шайлығып қалды

Бірдеңе деп айтудың өзі ауыр.  Түс кезінде көмек орталығына барғанымда он шақты ғана дорба жиналған еді. Кейін сағат 17.00-де соққан кезде кептеліс болып жатты...

Түркияда жоғалған екі қазақстандық үйінді астында қалған

Оларды құтқару үшін алып кран, дрон мен тепловизор    қажет

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 912-ге жетті

1939 жылы болған зілзаладан кейінгі ең қуатты жер сілкінісі

Апатты күнде құтқарушылар қалай жұмыс істеді?

Алматыда 29 наурыз күні ауа райы күрт құбылып, қатты жел тұрып, қарқынды жаңбыр жауып, құтқарушылардың жұмысы көбейді.