Сенсация жасап жатқан қазақ хоккейшілері кім?

Олжас Қасым

  • 27.05.2021

Қазақстан хоккейшілері олимпиада ойындарының финалисті Германияны 3-2 есебімен жеңді. Бұл әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы үшінші жеңіс.

Латвияда өтіп жатқан 84-ші әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін аса сәтті басталғаны туралы спорттық басылымдар жарыса жазып жатыр. Алдағы екі ойында біздің ойыншылар Латвия мен Финляндияны да жеңіп кеткен. Бұл тарихи жеңістер деген баға берілді.

Қазақстанда хоккей кеш дамыған спорт дей алмаспыз. Хоккейшілер даярлайтын Өскемен мектебінің тарихы бір шама. Қыстық спорттың бұл түрімен айналысуға табиғатымызда мүмкіндік береді. Шығыс, солтүстік, орталық Қазақстан облыстары қысы ұзақ өңірлер.

1993 – 2006 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасы (балалар, жасөспірімдер, жастар, әйелдер мен ерлер) әлем чемпионаты мен Азия біріншілігінде 35 медаль ұтып алды. Олардың 17-алтын, 9- күміс, 9-қола. Ерлер Нагано мен Туриндегі олимпиадаға қатысқан. Ең жақсы нәтижесі бесінші орын.  

Бұл қысқаша қайырғанда біздің хоккейшілердің жүріп өткен жолдары. Сонымен биылғы әлем чемпионатында әр ойын сайын сенсация жасап жатқан спортшыларымыз кім?

Ұлттық құраманың бас бапкері Юрий МИХАЙЛИС әлем чемпионатына 28 хоккейшіні апарды. Оның жартысына жуығы шетелдік легионерлер. Дәлілер айтқанда ұлттық құраманың 11 ойыншысы өзге елдің азаматтары.

Үш қақпашының бірі Хенрик КАРЛССОН  1983 жылы Швецияда туған. Қорғаушыларымыз  Алексей МАКЛЮКОВ 1993 жылы Ресейдің  Воскресенск қаласында дүниеге келсе,  Даррен ДИЦ Джесси БЭКЕР Канаданың тумалары. Қорғашылар қатарында Виктор СВЕДБЕРГ деген тағы бір  швециялық ойыншы бар. Егор ШАЛАПОВ деген қорғаушымыз да Ресей азаматы. Хоккейді  Челябинск қаласында үйренген. Қазір астаналық «Барыс» сапында.   

Легионер шабуылшыларымыз да бар. Олар ресейлік Павел АКОЛЬЗИН, Дмитрий ШЕВЧЕНКО,  Дмитрий ГУРКОВ, Егор ПЕТУХОВ және канадалық Кертис ВОЛК. Хоккейдің тәжірбиелі жанкүйерлері бұрындары жалғыз болса да Талғат ЖАЙЛАУОВТЫ мұз айдынынан көрсе мәз болатын. Қазір сол Талғаттың ізбасарларын тек ұлттық құраманың тізімінен ғана көресің. Мәселен, осы әлем чемпионатына Самат ДАНИЯР, Саян ДАНИЯР, Әлихан ӘСЕТОВ шақырылса да әзірге ойындарын тұшынып көре алмай жатырмыз.

Айтпақшы, сыртта келген легионерлердің айлығы аз емес. «Барыс» клубының капитаны Даррен ДИЦТІҢ бір маусымдағы табысы 1,06 млн $. Яғни 440,37 миллион теңге алады.

Қазір Қазақстан ұлттық құрамасы жеті ұпаймен төртінші орында. 28 мамырда Канада құрамасымен кездеседі.

Фото: kaznews.kz

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік