«Хабар» телеарнасының ток-шоуы жабылады – министрлік

Malim Админ

  • 13.03.2024

«Хабар» телеарнасының «Бірақ...» ток-шоуы жабылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады.

«Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс еді. Ең алдымен, редакция барлық этикалық норманы сақтап,  отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуге, кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламау қажет еді. Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Аталған ток-шоу жабылады», - деп жазды Аида Балаева.

Министрдің айтуынша, 11 наурыздан бастап «Хабар» арнасында  отбасындағы әлеуметтік мәселелерді көтеріп, оны шешуге бағытталған «Бірақ...» бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды.

«Алайда тікелей эфирде берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікір туындатты. Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды насихаттау министрліктің басты міндеттерінің бірі», - деді ол.

 

Фото: бағдарламадан скриншот

Байланысты жаналықтар

"Қыздар ер адамдарға иіліп сәлем беруі керек" деген кеңес берілді: Министрлік бұған не дейді?

20.05.2025

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

19.05.2025

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025

Алматыдағы жартылай марафондағы қайғылы оқиға: министрлік жаңа дерек айтты

20.04.2025

Қазақстанда салық саны қысқарады

09.04.2025

Қан түкіріп, дене қызуы көтеріледі: Денсаумин жаңа қауіпті вирус туралы ақпаратқа пікір білдірді

03.04.2025
MalimBlocks
"Қыздар ер адамдарға иіліп сәлем беруі керек" деген кеңес берілді: Министрлік бұған не дейді?

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Алматыдағы жартылай марафондағы қайғылы оқиға: министрлік жаңа дерек айтты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қайтыс болуына байланысты пікір білдіріп, жаңа дерек айтты

Қазақстанда салық саны қысқарады

Қазақстанда салық саны қысқарады. Бұл туралы еліміздің вице-премьері, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді

Қан түкіріп, дене қызуы көтеріледі: Денсаумин жаңа қауіпті вирус туралы ақпаратқа пікір білдірді

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресейде жаңа вирус пайда болғаны туралы хабарламаларға пікір білдірді