Зағип жандар әлемдік әдебиетпен қамтылады

Марракеш шарты аталған кітапханалар санын көбейтуге ықпал етеді

Malim Админ

  • 16.01.2025

Мәдениет және ақпарат вице-министрлігі зағип жандарға  арналған кітапханалардың санын арттырмақ. Бұл туралы министрлік Евгений Кочетов  түсінік берді,- деп хабарлайды Malim.kz. 


Қазіргі кезде нашар көретін адамдарға арналған кітапханалар желісінде 17 нысан қамтылған. Оның біреуі республикалық, жетеуі облыстық және қалалық деңгейдегі кітапханалар бар, сондай-ақ 142 кітапхана пункті жұмыс істеп тұр. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар, Марракеш шарты аталған кітапханалар санын көбейтуге ықпал етеді, - деді 
Е. Кочетов сенаторлардың сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бұл кітапханаларда 43 Брайль принтері, 39 Брайль дисплейі және бірнеше арнайы топографиялық құрылғылар бар.

Марракеш шарты аясында осы кітапханалардағы кітап қорының артуы жоспарланған. Қазір біздегі қорда 1 млн қамтылған, оның арасында Брайль қарпімен жазылған 198 мың кітап бар. Жыл сайын осы санаттағы кітаптар артып келеді. Сондай-ақ, көру қабілеті нашар жандарға арналған мамандандырылған кітапханамыз былтырдың соңында Алматыда жаңа ғимаратқа ие болғанын хабарлаймын. Енді ол 3500 шаршы метр аумақта қызмет етеді. Онда көру және есту қабілеті нашар адамдардың жұмысына арналған Брайль шрифтімен әдебиеттерді басып шығаруға арналған мамандандырылған баспаханаларды ашқымыз келеді, - деп түсіндірді вице-министр.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті өзгедей шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

Фото:  baq.kz   

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік