Жаңа заң БАҚ-тың коммерциялық мүмкіндіктерін де арттырады – Аида Балаева

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдындағы есептік кездесуінде БАҚ туралы заңдарға енгізілген түзетулер мен өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Malim Админ

  • 26.05.2021

«Дегенмен, біз өмір сүріп жатқан ақпараттық ғасырдың өз талаптары бар. Ең бастысы – уақыт көшінен оза жұмыс істеу. Бұл саланы дамыту мәселелеріне ғана емес, туындаған проблемаларды күнделікті шешуге де қатысты талап. Өзекті және жұмыс істейтін нормативтік-құқықтық негіз болмаса, әлемдік ақпараттық кеңістіктен тыс қалу қаупі бар», - деген министр осы бағытта қандай заңнамалық шаралар қабылданғанын атап өтті.

«Біріншіден, 2020 жылғы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Ол мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың тиімділігін ғана емес, сонымен қатар БАҚ-тың коммерциялық мүмкіндіктерін де арттыруға жағдай жасайды», - деді Аида Балаева.

Ведомство басшысы саланың жүйелі проблемаларын, оның ішінде «Бұқаралық коммуникация құралдары туралы» Заңды жетілдіру шараларын қамтитын ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспар бекітілгенін еске салды.

«Саланың кадрлық әлеуетінің кәсіби деңгейін арттыру саласында жүйелі жұмыс басталды. «2020-2021 жылдарға арналған медиасала мамандарын оқыту жөніндегі арнайы жоспар» әзірленді. Ең алдымен, бұл салалық журналистикаға қатысты», - деді министр.

Байланысты жаналықтар

Дәрігер Күләш Ахметованы ақындыққа баулыған

22.09.2023

Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт қайтыс болды

20.09.2023

Астана драма театрлары жаңа маусымда көрерменге не ұсынады?

19.09.2023

В Астане стартовали XIV Национальные Дельфийские игры

15.09.2023

Жынданып өлген Оразбаева. Кеңестік кесір жүйенің құрбаны

11.09.2023

Колледждерге грaнт көбейді

30.08.2023
MalimBlocks
Дәрігер Күләш Ахметованы ақындыққа баулыған

Жамбылдағы медициналық училищені оқып жүргенде Өкім ағасының үйінде тұрыпты

Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт қайтыс болды

Қаламгер 74 жасында өмірден озды

Астана драма театрлары жаңа маусымда көрерменге не ұсынады?

Алғаш рет елімізде  драма мен опера сынды екі үлкен жанрды үндестіретін қойылым жұртшылыққа жол тартады

В Астане стартовали XIV Национальные Дельфийские игры

XIV Национальные Дельфийские игры проходят в эти дни в столице. В Астане они организованы уже в четвертый раз. Мероприятие продлится до 17 сентября.

Жынданып өлген Оразбаева. Кеңестік кесір жүйенің құрбаны

Арнайы пансионат-үй бөліп, қасына дәрігер қойғанмен, жазылып кетпейді

Колледждерге грaнт көбейді