freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дастан Сатпаев матчтың үздік ойыншысы атанды

Спорт
Дастан Сатпаев матчтың үздік ойыншысы атанды
Дастан Сатпаев. Фото: instagram\ burnleyofficial

18 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сатпаев Англияның Чемпионшип лигасында «Бернли» сапында сәтті өнер көрсетіп, матчтың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстандық шабуылшы «Мидлсброға» қарсы өткен төртінші тур ойынын негізгі құрамда бастады. Бұл - Сатпаевтың Англия чемпионатында қатарынан екінші рет старттық құрамнан шығуы. Бұған дейін ол «Норвичке» қарсы кездесуде де алғашқы минуттардан алаңға шыққан.

Сатпаев 81-минутта жанкүйерлердің қошеметімен алаңнан кетіп, оның орнына бельгиялық шабуылшы Майк Ндайишимийе шықты.

Кездесу қорытындысы бойынша Дастан Сатпаев матчтың үздік ойыншысы деп танылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу