Медицинаға бөлініп жатқан ақшаның нәтижесі байқалмайды

Медициналық сақтандыру жүйесінде шикілік бар

Malim Админ

  • 02.09.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қору туралы пікір білдірді.


«Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жеке меншік медицинаға зор пайдасын тигізді.

Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаржы бөлінді. Бірақ, оның нәтижесі әлі көрініп жатқан жоқ. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды», - деді Президент.

Мемлекет басшысы мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасауды тапсырды.

«Ал одан асып кеткен шығынның бәрі сақтандыру жүйесі арқылы төленуге тиіс. Цифрландыру болмаса, мұндай ауқымды өзгерістерді сәтті жүзеге асыру мүмкін емес.

Бір-біріне байланысы жоқ ондаған бағдарлама мен ақпараттар базасының орнына бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпарат жүйесін жасау керек. Жаңа жүйе, меншік түріне қарамастан, мемлекеттік тапсырыс алатын медицина мекемелерінің бәріне толық бақылау жасалуын және мәліметтердің шынайы болуын қамтамасыз етуі қажет. Үкімет осы маңызды мәселені шешуге дереу кірісіп, бұл бағыттағы жұмыстың барысы жөнінде маған және депутаттық корпусқа есеп беріп отыруға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: rbc.ru  

Байланысты жаналықтар

Армения ҰҚШҰ-ға қаржы бөлуді тоқтатты

31.03.2025

Ұлытау облысындағы екі қалада медициналық мекемелердің базасы жаңартылды

29.03.2025

Бәрі салық төлесе, кәсіп өсе бастайды - сарапшы

28.03.2025

АҚШ "Азаттық радиосын" қаржыландыруды қайта бастады

27.03.2025

"Азамат төлемесе, шығарылады. Министрлік төлемесе, ештеңе болмайды". Аймағамбетов МӘМС-ті сынап тастады

27.03.2025

Енді мемлекеттік бюджеттен шетелдік спортшыларға қаржы бөлінбейді

27.03.2025
MalimBlocks
Армения ҰҚШҰ-ға қаржы бөлуді тоқтатты

Армения 2024 жылы ұйымды қаржыландырудан ресми түрде бас тартқан еді

Ұлытау облысындағы екі қалада медициналық мекемелердің базасы жаңартылды

Бәрі салық төлесе, кәсіп өсе бастайды - сарапшы

PR маманы, журналист, қаржы саласының маманы Айбар Олжаев ҚҚС мен кәсіп туралы сөз қозғады

АҚШ "Азаттық радиосын" қаржыландыруды қайта бастады

"Азамат төлемесе, шығарылады. Министрлік төлемесе, ештеңе болмайды". Аймағамбетов МӘМС-ті сынап тастады

Депутат Асхат Аймағамбетов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азамат пен мемлекет жарнасына қатысты шағым айтты

Енді мемлекеттік бюджеттен шетелдік спортшыларға қаржы бөлінбейді

Сенат бюджетті тиімді пайдалану үшін спорт туралы заңға түзетулер енгізді