Қазіргі медицина – жай технология емес, адамға деген қамқорлық - KS Dynasty клиникасының бас директоры Камила Мұстафаева

Кейінгі жылдары Қазақстанда жеке меншік медициналық қызмет түрлерін көрсететін клиникалар қарқынды дамып келеді. 2022 жылғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда 1389 медициналық клиника бар, олардың басым бөлігі Астана мен Алматыда.
Дәл сондай клиниканың бірі елордадағы - KS Dynasty. Жабдықтары заманауи, түрлі медициналық қызмет түрлері де бар,бастысы мұнда жоғары санатты дәрігерлер қызмет көрсетеді. Басқару қызметіне жаңа ғана кіріскен клиника басшысы Камила Мұстафаевамен жеке медициналық клиниканы басқару ісі туралы сұхбаттасқан едік.
- Камила, сіз жақында KS Dynasty клиникасын басқаруды қолға алдыңыз. Сіз басқарып отырған медициналық клиника жайлы айтып бересіз бе?
- KS Dynasty клиникасы қазірдің өзінде жақсы беделге ие болды — тұрақты пациенттері, тәжірибелі дәрігерлері, жүйелі жұмыс үдерістері бар. Бұл — стартап емес, орныққан, жетілген мекеме. Бірақ менің келуімнің мақсаты — клиниканы әрі қарай дамыту, команданы күшейту, ішкі процестерді жаңарту, қызмет көрсету мәдениетін одан әрі жетілдіру.
Мен бұл қызметке «жоғарыдан» келіп түскенім жоқ, керісінше, «ішінен» шықтым. Қатардағы дәрігер болып қызметімді бастадым, одан фармацевтика саласында жұмыс істедім, менеджмент бойынша білім алдым, ал қазір осы дайын жүйеде өз тәжірибемді жүзеге асырып жатырмын.
- Бүгінде KS Dynasty клиникасының құрылымы қандай және алатын мүмкіндіктерге тоқталып өтсеңіз...
- KS Dynasty — толыққанды заманауи көп профильді клиника. Бізде 12-ден астам бағыт бойынша дәрігерлер бар:
• Жалпы терапия және педиатрия
• Гинекология, эндокринология, урология
• Кардиология, гастроэнтерология, неврология
• ЛОР, офтальмология
• Стоматология (терапиялық, ортопедиялық, хирургиялық)
• УДЗ және функционалдық диагностика
• Лаборатория және процедурлық кабинет
Біздің жабдықтар: соңғы үлгідегі УДЗ аппараттары, автоклавтар, эндоскопиялық техника, стоматологиялық қондырғылар. Барлығы санитарлық және Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес.
- Науқастарға қандай технологиялар мен қызмет ережелері енгізіліп жатыр?
- Бүгінгі күнде ерекше айтып өту керек, науқастар талапшыл — және бұл жақсы. Біз әр клиенттің жағдайын жасауға тырысамыз. Мәселен, бізде:
• WhatsApp, Instagram немесе телефон арқылы онлайн қабылдау
• Қабылдауды еске салу хабарламалары
• Электрондық пациент карталары және цифрлық құжат айналымы
• Kaspi QR және бөліп төлеу арқылы онлайн төлемдер
• Анализ нәтижелерін мессенджер арқылы жылдам жеткізу қызметі қарастырылған. Келушінің есіктен кіргеннен көңіл-күйін аулауға тырысамыз. Ол үшін ресепшен қызметкерінің жылы қабақ танытуы, дәрігердің түсінікті түсіндірмесі маңызды. Пациент не болып жатқанын білуі тиіс. Біз «қорқыту диагноздарына», қысым көрсететін жағдайларға жол бермейміз. Барлығы адамгершілік пен этикаға негізделген.
- Пациенттер қандай мәселелермен жиі келеді?
- Бізде созылмалы аурулары бар пациенттер көп, ең алдымен COVID кейінгі кезеңде жүрек-қан тамырлары, гастроэнтерологиялық, гормоналды бұзылыстар байқалады. Балалар педиатриясы мен гинекологияға да сұраныс артты.
Сонымен қатар УДЗ және ЛОР-қызметіне де жүгінетіндер бар,стоматология өте кеңінен сұраныста. Әсіресе, балалар стоматологиясы, терапиялық емдеу, имплантация қызметін қолданатындар көп.
- Пациентпен жұмыс қандай түрде жүргізіледі?
- Біз әр науқасқа жауапкершілікпен қараймыз. Сондықтан да:
• Әр емдеу кезеңін түсіндіреміз
• Диагноздармен қорқытпаймыз
• Қажетсіз процедураларды ұсынбаймыз
• Дәрігер қабылдауынан бастап анализге дейін пациент үшін барынша ыңғайлы жағдай жасаймыз.
- Басқару кезінде қандай принциптерге сүйенесіз?
- Ең алдымен, команданы құрамыз. Ішкі корпоративтік мәдениет болмаса, бизнесте мақсаттарға жету мүмкін емес. Кез келген басшы қызметкерінің де жағдайын жасап беруі тиіс.
Сонымен қатар, ашықтық жүйесін құрудамын: жалақыдан бастап пациенттердің кері байланысына дейін толықтай ашық жүргізілуі керек деп санаймын. Ішкі брифингтер енгізілді, қызмет көрсету бойынша оқыту, визуалдық стиль жаңартылды. Бұл — сән үшін емес,қызмет алушы мен қызмет көрсетуші үшін маңызды.
Мен үшін клиниканы басқару — миссия. Жай басшы болу емес, адамдарға шынайы көмек көрсетілетін кеңістік құру.
- Бүгінгі медицина нарығы туралы не ойлайсыз?
- Қазір Қазақстанда клиникалар саны артып келеді. Бірақ бұл сапаны білдірмейді. Пациенттер бүгін таңдауларын сұрыптап келеді. Мен KS Dynasty-дің сенім мен құрметке лайық болуын қалайын.
Бүгінгі медицина – жай технология емес. Бұл — адалдық, эмпатия, мұқияттық. Адамдар емделуден бұрын түсінуді қалайды.
- Бүгінгі қоғамда алдын алу, ертеден қаралу мәдениеті қалыптасып келетін секілді. Сіз осыған қатысты не дейсіз?
- Дөп түстіңіз, бұрын науқастар — «мүмкін емес, шыдамаймын» дегенде келетін, бүгінгі күні тексерілу үшін келеді, анализ тапсырады, УДЗ өтеді, пікір сұрайды. Бұл — керемет үрдіс: адамдар денсаулықтарын сақтау керектігін түсінеді.
Сонымен қатар COVID пандемиясы иммунитет, созылмалы аурулар, өз-өзіне қамқорлықтың маңызды екенін көрсетті. Осыдан кейін пациенттер өздерін мұқият қадағалайды, диагностикаға сенеді, алдын алу туралы сұрайды. Бұл — дұрыс бағыт. Медицинаға емделуден бұрын алдын-ала қолға алу үшін жүгіну керек.
- Жеке медицинаның бұл үрдіске қатысы қандай?
— Жеке медицина, біз сияқтылар — сенім ордасы болып отыр. Адамдар кезек пен формалдылықтан шаршады. Бізде әр пациентке 30–40 минут уақыт бөлінеді,бәрін түсіндіреміз, асықпаймыз. Пациенттер қайтып келеді, ата-анасын, балаларын қаратуға алып келеді, таныстарына ұсынады, сол — нағыз көрсеткіш.
Қазір Қазақстанда жеке клиникалар отандық медициналық қызмет көрсетуде маңызды тірекке айналып отыр. Ең бастысы — тек табыс табуды емес, жауапкершілік жүктемесінің барын ұмытпаған жөн.
- Қазіргі медицинаны қалай қабылдайсыз? Бұл жай ғана нарық па, әлде денсаулық па?
- Бұл өте маңызды сұрақ. Қазіргі медицина шынымен де екі мәселенің шекарасында тұр: бір жағында — нарық, екінші жағында — гуманистік миссиясы бар кәсіби қызмет. Меніңше, клиника міндеті — сапа мен рухани этика арасында тепе-теңдікті сақтау.
Медицина тек коммерциялық салаға айналмауы тиіс. Науқасқа — тек клиент деп қарауды жеке Клиникалар ұмытса, тез жетіледі. Сондықтан біз KS Dynasty-де «пайда үшін емес, адам үшін қызмет қыл» принципін бірінші орынға қоямыз.
- Дәрігер мамандығы туралы не айтасыз?
- Қазіргі дәрігер мамандығы өзгеріс үстінде. Науқастан кеңес, түсінік, қолдау күтіледі. Қазіргі дәрігер — білім көзі ғана емес, коммуникатор, эмоционалды интеллект иесі, үйлестіруші.
Сондықтан мен, басқарушы ретінде — оларға: жұмысқа қолайлы орта, үздіксіз өсу мүмкіндігін қалыптастырып, жайлы жүйе қалыптастыруға тырысамын.
- Сіздіңше, Қазақстанда жеке медицинаның миссиясы қандай?
— Бүгінде жеке медицина – денсаулық сақтау жүйесінің баламасы емес, оның маңызды әрі ажырамас бір бөлігіне айналды. Дегенмен, жеке медицинаның тағы бір маңызды миссиясы бар – ол жаңа стандарттарды қалыптастыру.
Айта кету керек, жеке медицинаның басты мақсаты – адамдардың сенімін ақтап, денсаулық сақтау саласына жаңа мәдениет енгізу. Яғни, әр пациент өзін жайлы, қауіпсіз әрі маңызды сезінетін орта қалыптастыру.
-Медицинаға деген халықтың көзқарас, мәдениетін қалай түзеуге болады?
- Халық дәрігерден қорықпауы тиіс. Уақытында қаралып тұруы керек. Алдын алу — күнделікті әдетке айналуы керек. Дәрігер — қол жетпейтін «қару» да емес, жай ғана қызмет көрсетуші де емес.
Медицина — бұл диалог. KS Dynasty-де Біз — пациент сенімді, дәрігер — құрметтелетін орта құрып келеміз.
- Пациенттерге не айтар едіңіз?
- Өз денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз. Біз әрдайым сіздің жаныңыздан табыламыз: жайлы,шынайы, асықпай қызмет етеміз. KS Dynasty - сізді түсінетін, сіз сенім арта алатын клиника.


Ең көп оқылған
