freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда талапкерлерге 2 мыңнан астам грант ұсынылады: Кімдер үміткер бола алады?

Білім-ғылым
Қазақстанда талапкерлерге 2 мыңнан астам грант ұсынылады: Кімдер үміткер бола алады?
Фото: magnific.com

2026 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындары мемлекеттік гранттардан бөлек, талапкерлерге 2 мыңнан астам өз грантын, оқу ақысына жеңілдіктер мен атаулы стипендиялар ұсынады, деп хабарлайды Malim.kz.

Гранттар мен жеңілдіктердің шарттарын университеттердің өздері белгілейді. Іріктеу кезінде ҰБТ нәтижесі, «Алтын белгі», олимпиада және ғылыми жетістіктер, академиялық көрсеткіштер, сондай-ақ әлеуметтік жағдай ескеріледі.

Ірі бағдарламалардың қатарында:

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ — 500 білім беру квотасы;

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті — 125 ішкі грант;

ШҚТУ — 94 грант;

Қарағанды техникалық университеті — 19 ректор гранты;

Атырау мұнай және газ университеті — 20 ректор гранты;

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ — 12 грант;

Рудный индустриялық университеті — 10 ректор гранты.

Бұдан бөлек, бірқатар ЖОО әлеуметтік осал топтарға және жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерге 15%-дан 100%-ға дейін оқу ақысына жеңілдіктер қарастырған.

Грант саны, талаптары және құжат қабылдау мерзімі әр университетте әртүрлі. Талапкерлер толық ақпаратты таңдаған ЖОО-ның ресми сайтынан немесе қабылдау комиссиясынан нақтылай алады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу