freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбыл облысында 19 мың гектар аумақта қарасора өседі

Қоғам
Жамбыл облысында 19 мың гектар аумақта қарасора өседі
Фото: видеодан кадр

Жамбыл облысының Меркі ауданында жабайы өсетін қарасораны жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл шара «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында маусым айынан бері қолға алынған.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, өңірдегі жабайы қарасора өсетін аумақтың жалпы көлемі шамамен 19 мың гектарды құрайды. Жұмысқа 14 ауылдық округтен 28 ерікті тартылып, арнайы техника жұмылдырылған.

Бүгінгі күнге дейін 580 гектар аумақтағы 376 тонна өсімдік шабылып, өртеліп жойылды.

Сонымен қатар, биыл жеті айда өңірде 28 есірткі қылмысы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,8 пайызға аз. 2025 жылдың осы кезеңінде 45 қылмыс тіркелген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу